2. Сүзгілерді жеміргіш емес жуғыш
заттарды қолданып жөкемен немесе
ыдыс жуғыш машинада тазалаңыз.
Ыдыс жуғыш машинада төмен
температураны және қысқа циклді
орнату керек. Май сүзгісінің түсі өзгеруі
мүмкін, бұл құрылғының жұмыс
істеуіне әсер етпейді.
3. Сүзгіні қайта орнына қою үшін алғашқы
екі қадамды керісінше орындаңыз.
Қажет болса, барлық сүзгілер үшін
қадамдарды қайталаңыз.
6.3 Көмір сүзгісін ауыстыру
ЕСКЕРТУ!
Көмір сүзгісін жууға болмайды!
Сүзгіні ауыстыру үшін:
1. Май сүзгілерін құрылғыдан шығарып
алыңыз.
Осы тараудағы «Май сүзгілерін тазалау»
бөлімін қараңыз.
2. істікшені басып (1), сүзгінің алдыңғы
жағын аздап еңкейтіңіз.
3. Жаңа сүзгіні орнату үшін осы
қадамдарды керісінше орындаңыз.
Кез-келген жағдайда сүзгілерді кем
дегенде төрт ай сайын ауыстыру керек.
6.4 Шамды ауыстыру
Бұл құрылғы ЖШД шамымен және бөлек
іске қосу құралымен (ЖШД драйвері)
жабдықталған. Бұл бөлшектерді техник
қана ауыстыра алады. Ақаулық орын алған
жағдайда "Қауіпсіздік нұсқаулары"
тарауындағы "Қызмет көрсету" бөлімін
қараңыз.
7. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
7.1 Не істерсіз, егер...
Мәселе Ықтимал себебі Шешім
Құрылғыны белсендіру мүмкін
емес.
Құрылғы қуат көзіне қосылған жоқ
немесе теріс қосылған.
Құрылғының электр жүйесіне
дұрыс қосылғанын тексеріңіз.
Құрылғыны белсендіру мүмкін
емес.
Сақтандырғыш күйіп кеткен. Ақаулыққа сақтандырғыштың
себеп болмағанын тексеріңіз.
Сақтандырғыш қайта-қайта күйіп
кете берсе, білікті электр
маманына хабарласыңыз.
144