Үлкен мөлшердегі тағамдарды қақпақсыз қайнатқанда және қуырғанда, ылғалдылық көп.
Пісіргеннен кейін асүйдегі ауаны өте төмен шу деңгейінде жаңартады. Оны таңбаны түрту
арқылы белсендіруге және өшіруге болады. Функция 60 минуттан кейін автоматты түрде
сөнеді. Тек пісіруден кейін пайдаланыңыз.
Тағамды пісіргеннен кейін ауа тартқыш
құралды шамамен 15 минут қосып
қоюға кеңес беріледі.
Басқару панелі — сенсорлық өріс.
Функцияларды белсендіру үшін
таңбаларды 1 секунд түртіңіз.
Ауа тартқыш құрал ашық болған кезде
ауа тартқыш құралды пайдалану үшін:
1. таңбасын басу арқылы құрылғыны
қосыңыз.
Енді функцияларды белсендіре аласыз.
2. Функцияны белсендіру үшін таңбаны
түртіңіз.
Түтін шығарғыштың шамы басқа түтін
шығарғыш функцияларынан тәуелсіз
жұмыс істейді. Бетті жарықтандыру
үшін шам таңбасын түртіңіз .
Құрылғыны сөндіру үшін таңбасын
қайта басыңыз.
6.3 Қозғалтқыштың ең жоғарғы
жылдамдығын іске қосу
түймесін басқанда, қозғалтқыштың ең
жоғарғы жылдамдығы 8 минуттың ішінде
жұмыс істей бастайды. Осы уақыттан
кейін, құрылғы алдыңғы жылдамдық
параметріне оралады.
Функция іске қосылғанда,
түймешікті қайта басқан жағдайда
ешқандай өзгеріс болмайды.
6.4 Сүзгі туралы хабарландыру
Сүзгінің ескерту сигналы көмір сүзгісін
ауыстыру не тазалау және май сүзгісін
тазалау қажет екенін еске салады. Май
сүзгісін тазалау керек болса, сүзгінің
индикаторы түстермен 30 секунд бойы
жанады. Көмір сүзгісін ауыстыру не
тазалау қажет болса, сүзгінің индикаторы
түстермен 30 секунд бойы
жыпылықтайды.
«Күтім көрсету және тазалау»
тарауындағы «Май сүзгісін тазалау»
тармағын қараңыз.
Күтім мен тазалау тарауында көмір
сүзгісін тазалау немесе көмір сүзгісін
ауыстыру туралы қараңыз.
Функцияны қалпына келтіру үшін
түймесін 3 секунд бойы түртіңіз.
Функцияны белсендіру немесе ажырату
үішн (тек көмір сүзгісі үшін):
1. Басқару панелін қосыңыз.
2. Белгішелердің түсі ақ болғанына көз
жеткізіңіз.
3. Функцияны белсендіру үшін
түймесін 3 секунд бойы түртіңіз.
Функция белсендірілсе, сүзгі белгішесі
түстермен бес рет жыпылықтайды.
4. Функцияны ажырату үшін түймесін 3
секунд бойы түртіңіз.
Функция ажыратылса, сүзгі белгішесі
түстермен үш рет жыпылықтайды.
150