74 aeno.com/documents
көздеріне, оның ішінде ауаны ылғалдандырғыштарға жақын жерде
орнатпаңыз. Құрылғыны тікелей күн сәулесінің, ылғалдың немесе дірілдің
әсеріне ұшыратпаңыз. Құрылғыны құлатпаңыз, лақтырмаңыз,
бөлшектемеңіз немесе өзіңіз жөндеуге тырыспаңыз. Кабельді
радиаторлардың, пештердің немесе жылытқыштардың жанында
орналастырмаңыз. Құрылғыны тазалау үшін тазалағыш немесе жуғыш
заттарды пайдаланбаңыз. Құрылғыны сұрыпталмаған қалалық
қалдықтармен бірге кәдеге жаратуға болмайды, себебі ол қоршаған
ортаға зиян тигізеді. Дұрыс кәдеге жарату туралы толығырақ ақпарат алу
үшін қалдықтарды жинау және шығару жөніндегі жергілікті ұйымға
хабарласыңыз. Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз. Ауыр
жарақат алу және электр тогы соғу қаупі бар. Бұл құрылғы тек ересектер
пайдалану үшін арналған.
Осы құжаттағы ескертулер, сақтық шаралары мен нұсқаулар ықтимал
қауіпті жағдайлардың бәрін қамтымауы мүмкін. Құрылғыны пайдалану
кезінде ақыл-ойға сүйену керек.
Ауа тазартқыш құрылымы (а суретін қараңыз)
(1) – ауа жинағыш, (2) – алынбалы алдыңғы панель, (3) – HEPA сүзгісі, (4) –
пластик тығындар, (5) – тазартылған ауаны шығаруға арналған саңылаулар,
(6) – корпусы, (7) – орнатушы бұрандалар, (8) – түпқойма, (9) – қабырғалық
бекітпе.
Құрылғыны жұмыс істеуге дайындау (а суретін қараңыз)
Қолданар алдында НЕРА сүзгісінен орамасын алыңыз. Мұны істеу үшін
алдымен ауа тазартқыштың желіден ажыратылғандығына көз жеткізіңіз.
Осыдан кейін алдыңғы панельді (2) ақырын алып, мата ілмектерінен ұстап,
HEPA сүзгісін (3) сыртқа шығарыңыз. Сүзгіден орамасын алыңыз. Осыдан
кейін HEPA сүзгісін (3) орнына қойып, оны алдыңғы панельмен (2) жабыңыз.