EasyManuals Logo

Ariston ABSE VLS PRO PW 100 User Manual

Ariston ABSE VLS PRO PW 100
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Page #26 background imageLoading...
Page #26 background image
26 / KZ
- құрылғыны ток көзінен ажыратыңыз;
- жапқыш клапан орнатылған болса соны (2-сурет, D) немесе ол орнатылмаған болса, үйдің негізгі су
клапанын жабыңыз;
- ыстық су шүмегін ашыңыз (шұңғылша немесе ванна);
- ағызу клапанын ашыңыз (2-сурет, B).
БӨЛШЕКТЕРДІ АУЫСТЫРУ (ҚАЖЕТ БОЛҒАН КЕЗДЕ)
(8a/b суретінде көрсетілген интерфейсі бар модельдер)
Қақпақты ашып, электр бөлшектерге қол жеткізуге болады (7-сурет).
Кабельдерді ағытып (7-сурет, C,Y және P), винттерді алып тастау арқылы қуат тақтасын ашыңыз
(7-сурет, Z). Алдымен қуат тақтасын алып тастап, басқару панелін ашыңыз (7-сурет, Z).
Per intervenire sul pannello comandi bisogna prima rimuovere la scheda di potenza.
Дисплей тақтасы өнімге 2 винтпен бекітілген (4-сурет, A). Винттерді босатқаннан кейін, құлақшаларды
бір уақытта екі саусағыңызбен басып (4-сурет, B), тіректі (4-сурет, C) өнімнің ортасына қарай жылжыта
отырып, корпусынан шығарыңыз.
Басқару панелін шешіп алғаннан кейін, датчиктер орнатылған өзектің коннекторларын және қуат
тақтасын ажыратуға болады. Датчиктер орнатылған өзекті (7-сурет, K) сымдарды (7-сурет, F) басқару
панелінен ажыратып, орнынан шешіп алыңыз, осы кезде сымдарды қатты майыстырып жібермеңіз.
Қайта құрастырған кезде, барлық құрамдас бөліктерді бастапқы орындарына орнатқаныңызға
көз жеткізіңіз.
Қыздыру элементтері мен анодтармен жұмыс істеу үшін алдымен құрылғыдағы суды ағызыңыз.
Болттарды (5-сурет, C) және фланецтерді (5-сурет, F) шешіп алыңыз. Фланецтер қыздыру элементтері
мен анодтарға жалғанған. Қайта құрастырған кезде, датчиктер орнатылған өзекті және қыздыру
элементтерін (7- және 5-сурет) бастапқы орындарына орнатқаныңызға көз жеткізіңіз. H.E.1 немесе
H.E.2 түрлі-түсті жазуы бар фланец пластинасы сондай жазуы бар жерге орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Фланец шешіп алынған сайын, оның тығыздағышын (6-сурет, Z) ауыстырып отырған жөн.
(8c суретінде көрсетілген интерфейсі бар модельдер)
Қақпақты ашып, электр бөлшектерге қол жеткізуге болады (7a-сурет).
Термостаттарда жұмыс істеу үшін оларды алдымен кабельдерден ағытып (7a-сурет, K және L),
корпустарынан шығарып алу қажет.
Анодтарға қол жеткізу үшін алдымен құрылғыдағы суды ағызыңыз.
Болттарды (5a-сурет, C) бұрап шығарып, фланецтерді (5a-сурет, F) шешіп алыңыз. Фланецтер
қыздыру элементтеріне де, анодтарға да жалғанған. Фланец қайта құрастырылған сайын, оның
тығыздағышын (6a-сурет, Z) ауыстырып орнатыңыз.
Осы бөлшектерді қайта құрастырған кезде, барлық құрамдас бөліктерді бастапқы орындарына
орнатқаныңызға көз жеткізіңіз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қыздыру элементтерінің орнын ауыстыру салдарынан құрылғы істен
шығуы мүмкін. Бір уақытта бір элементпен жұмыс істеңіз де, екіншісін бірінші элементті
қайта орнатқан кейін ғана шешіп алыңыз.
Өндіруші өкілеттік берген өкілетті қызмет орталықтарынан алған түпнұсқалы
бөлшектерді ғана қолданыңыз.
ЖҮЙЕЛІ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Қыздыру элементінің (6,6a-сурет, R) дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін (6,6a-сурет, R) шамамен
екі жыл сайын оны қақтан тазартып тұру керек (су өте қатты болса, жиілікті арттыру керек).
Қақтан тазарту үшін арнайы сұйықтықтарды қолданғыңыз келмесе, қыздыру элементін зақым келтіріп
алмай, қақты жайлап қырып алыңыз.

Other manuals for Ariston ABSE VLS PRO PW 100

Questions and Answers:

Question and Answer IconNeed help?

Do you have a question about the Ariston ABSE VLS PRO PW 100 and is the answer not in the manual?

Ariston ABSE VLS PRO PW 100 Specifications

General IconGeneral
BrandAriston
ModelABSE VLS PRO PW 100
CategoryWater Heater
LanguageEnglish

Related product manuals