EasyManuals Logo

Ariston ABSE VLS PRO PW 100 User Manual

Ariston ABSE VLS PRO PW 100
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Page #29 background imageLoading...
Page #29 background image
29 / KZ
кезеңі қажет, сол кезде өнім орнатылған температурада жұмыс істей бастайды. Осы «үйрену»
аптасы аяқталғаннан кейін, бағдарламалық құрал суды қыздыру деңгейін пайдаланушының
іс жүзіндегі қажеттіліктеріне реттейді, құрылғы оларды автоматты түрде анықтайды. Өнім су
пайдаланылмаған кезде де минималды ыстық су қорының болуын қамтамасыз етеді. Ыстық
су қажеттіліктеріне қатысты үйрену процесі бірінші аптадан кейін де жалғасады. Төрт апта
үйренгеннен кейін, процесс толық тиімділігіне жетеді.
Функцияны іске қосу үшін «
» « » түймелерін бір уақытта 3 секунд басып тұрыңыз; дисплейде
«E1» жазуы көрсетіледі. Бұл режимде температураны әлі де қолмен таңдауға болады, бірақ оның
мәні реттелсе, ECO функциясы өшеді. Бұл функцияны «
» « » түймелерін бір уақытта 3 секунд
басып тұру арқылы өшіруге болады; дисплейде «E0» жазуы көрсетіледі. Функцияны қайта іске қосу
үшін «
» « » түймелерін бір уақытта 3 секунд басып тұрыңыз; дисплейде «E1» жазуы көрсетіледі.
«ECO» функциясы немесе өнімнің өзі өшіріліп, қайта қосылған кезде, функция тұтыну деңгейлерін
үйреніп отырады.
Бағдарламаның дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін өнімді розеткадан ағытпау керек. Ішкі
жад деректердің токсыз ең көбі 4 сағат сақталуын қамтамасыз етеді. Осы уақыт өткеннен кейін,
жиналған барлық деректер жойылып, үйрену процесі басынан басталады. Жиналған деректерді
әдейі жою үшін «
» « » түймелерін бір уақытта 3 секунд басып тұрыңыз. Бастапқы қалпына
келтіру процесі аяқталғаннан кейін, деректердің жойылуын растау үшін дисплейде «E-» жазуы
көрсетіледі.
POWER ФУНКЦИЯСЫ
(8a/b суретінде көрсетілген интерфейсі бар модельдер)
«POWER» функциясы құрылғыға максималды қуатпен жұмыс істеп, суды қыздыруға кететін
уақытты азайтуға мүмкіндік береді.
POWER функциясын іске қосу немесе өшіру үшін тиісті түймені басыңыз.
Функция қосылған болса, тиісті ЖШД жанып тұрады.
ҚАТУДАН ҚОРҒАУ ФУНКЦИЯСЫ
(8a/b суретінде көрсетілген интерфейсі бар модельдер)
Қатудан қорғау функциясы өнім қысқы кезде өшірілген жағдайда 5 °C-тан төмен температуралар
салдарынан болатын зақымның алдын алу арқылы құрылғыны автоматты түрде қорғайды. Ұзақ
уақыт қолданылмайтын болса да, өнімді токқа жалғанған күйінде қалдырған жөн. Температура
мұз бен қыраудан болатын зақымның алдын алуға мүмкіндік беретін қауіпсіз деңгейге дейін
көтерілгеннен кейін, су қыздыру функциясы қайтадан өшеді.
Функция қосылады, бірақ іске қосылған жағдайда, өнімнің қосылып-қосылмағанын көрсетпейді.
Өнім ҚОСУ/ӨШІРУ түймесімен «
» өшірілген кезде қатудан қорғау функциясы қосылып тұрса,
дисплейде «AF» (қатудан қорғау) жазуы көрсетіледі.
ТЕРМОДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ФУНКЦИЯСЫ (ЛЕГИОНЕЛЛА БАКТЕРИЯСЫН ЖОЮ)
(8a/b суретінде көрсетілген интерфейсі бар модельдер)
Легионелла бактериясын жою функциясы әдепкі мәні бойынша іске қосылады. Ол суды
қыздыру/60°C температуралық күтім циклін 1 сағатқа қосу арқылы тиісті бактерияларды
зарарсыздандыруды қамтиды.
Цикл өнім іске қосылған кезде және ток өшіп қалғаннан кейін қайта қосылған кезде басталады.
Өнім үнемі 55°C-тан төмен температураларда жұмыс істесе, бұл цикл 30 күннен қайталанады.
Өнім өшірілген кезде, Легионелла бактериясын жою функциясы өшіріледі. Жабдық Легионелла
бактериясын жою циклі кезінде өшірілсе, өнім өшіп, функция өшіріледі. Циклдің соңында қолдану
температурасы пайдаланушы одан бұрын орнатқан температураға оралады.
Осы функцияны іске қосу үшін ҚОСУ/ӨШІРУ және «
» түймелерін бір уақытта 3 секунд басып
тұрыңыз; іске қосуды растау үшін дисплейде «A1» жазуы 4 секунд көрсетіліп тұрады. Функцияны
біржола өшіру үшін жоғарыда сипатталған әрекеттерді қайталаңыз; өшіруді растау үшін
дисплейде «A0» жазуы 3 секунд көрсетіліп тұрады.

Other manuals for Ariston ABSE VLS PRO PW 100

Questions and Answers:

Question and Answer IconNeed help?

Do you have a question about the Ariston ABSE VLS PRO PW 100 and is the answer not in the manual?

Ariston ABSE VLS PRO PW 100 Specifications

General IconGeneral
BrandAriston
ModelABSE VLS PRO PW 100
CategoryWater Heater
LanguageEnglish

Related product manuals