EasyManua.ls Logo

Bosch EasyCut&Grind - Page 163

Bosch EasyCut&Grind
247 pages
Go to English
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
Қазақ | 163
Нұсқау: аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы ақ
түспен жыпылықтаса, бұл температураның рұқсат етілген
қоршаған орта температурасынан тыс болғанын
білдіреді. Рұқсат етілген температура диапазонына
қайтадан жеткен соң, зарядтау процесі автоматты түрде
жалғасады немесе электр құралын қайтадан пайдалану
мүмкін болады.
Қаптаманы реттеу (B суретін қараңыз)
Нұсқау: Жұмыс кезінде ажарлағыш диск бұзылса немесе
қаптамадағы/электр құралындағы бекіткіш құрылғылары
зақымдалса, электр құралын дереу қызмет көрсету
орталығына жіберу керек, мекенжайларды «Қызмет
көрсету орталығы және пайдалану бойынша кеңес беру»
тарауынан қараңыз.
Қаптаманы қажетті күйге бұрап, оны бекітіңіз. Бұл ретте
ешқандай құралдар қажет болмайды.
Ажарлауыш құралдарын орнату
u Тегістеу және кесу дискілеріне суығанша тимеңіз.
Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.
u Ажарлағыш құралды электр құралының құлыптаулы
күйінде ғана алмастырыңыз (қараңыз „Қосу/өшіру“,
Бет164).
Ажарлау шпинделін (12) және барлық орнатылатын
бөліктерді тазалаңыз.
Ажарлағыш құралдарды қысу немесе босату үшін
шпиндельді бұғаттау түймесін (6) басып, дәл сол уақытта
ажарлағыш құралды бұрау арқылы ажарлау шпинделін
реттеп шығыңыз.
u Шпиндельді бекіту түймесін тек шпиндель
тоқтатылған күйде басыңыз. Әйтпесе электр
құралын зақымдауыңыз мүмкін.
Ажарлау пластинасы/кескіш диск
Ажарлағыш құралдардың өлшемдерін ескеріңіз. Саңылау
диаметрі тірек фланеціне сәйкес болуы керек.
Адаптерлерді немесе жалғастырғыш тетіктерді
пайдаланбаңыз.
Ажарлағыш/кескіш дискіні (8) босату үшін шпиндельді
бұғаттау түймесін (6) басып, дәл сол уақытта ажарлағыш/
кескіш дискіні (8) бұрау арқылы ажарлау шпинделін (12)
реттеп шығыңыз. Тасымалдау қабының (13) алты қырлы
дөңбек кілтімен шайбасы бар қысқыш бұранданы (15)
шығарыңыз. Ажарлағыш/кескіш дискіні (8) алып
тастаңыз. (C суретін қараңыз).
Ажарлағыш/кескіш дискіні (8) бекіту үшін шпиндельді
бұғаттау түймесін (6) басыңыз. Шайбасы бар қысқыш
бұранданы (15) бұрап кіргізіңіз. Бұранданы тасымалдау
қабының (13) алты қырлы дөңбек кілтімен қысқыш
бұранданың шайбасы ажарлағыш/кескіш дискімен (8)
тегіс жанасқанша тартыңыз. (D суретін қараңыз).
u Тегістеу құралын орнатқаннан кейін қосу алдында
орнатудың дұрыстығын және құралдың еркін
айналатынын тексеріңіз. Тегістеу құралы
қорғағыш қаптамаға және басқа бөлшектерге
үйкелмей айналып жатқанына көз жеткізіңіз.
Жарамды тегістеу құралы
Осы нұсқаулықта жоғарыда атап өтілген барлық тегістеу
құралдарын пайдалануға болады.
Пайдаланылатын тегістеу құралдарының рұқсат етілген
айналымдар саны [мин
-1
] немесе айналу жылдамдығы
[м/с] төменде берілген кестедегі мәндерден төмен
болмауы керек.
Сондықтан тегістеу құралының жапсырмасында
көрсетілген рұқсат етілген айналымдар санын немесе
айналу жылдамдығын сақтаңыз.
макс.
[мм]
[мм]
D d [мин
-1
] [м/с]
50 10 30600 80
Ажарлағыш/кескіш дискіні таңдау
Ажарлағыш
құрал
Материал
Carbide Multi
Material Disc
Ағаш
(шегелермен),
пластик, ПВХ,
композиттік
материалдар,
акрилді шыны
Bonded Metal
Cutting Disc
Металл,
алюминий, мыс
Sanding plate with
abrasives
Ағаш, металл
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
u Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Bosch Power Tools 1 609 92A 5CC | (15.06.2020)

Related product manuals