320 | Қазақ
Осы сөз/сурет белгісінің Robert Bosch Power Tools GmbH тарапынан әр
қолданылуы лицензия бойынша жүзеге асады.
u Абай болыңыз! Өлшеу құралын Bluetooth® бен пайдалануда басқа құралдар
мен жабдықтар, ұшақ және медициналық құралдар (мысалы,
кардиостимулятор, есту құралдары) жұмысында кедергілер пайда болуы
мүмкін. Сондай-ақ жақын тұрған адамдар мен хайуандарға зиян тудыру
қаупін толық жою мүмкін емес. Өлшеу құралын Bluetooth® бен медициналық
құралдар,жанар май бекеттері, химиялық жабдықтар, жарылу қаупі бар
және жарылатын аймақтар жанында пайдаланбаңыз. Өлшеу құралын
Bluetooth® бен ұшақтарда пайдаланбаңыз. Денеге жақын аймақта ұзақ уақыт
пайдаланбаңыз.
u Өлшеу құралын тек салынған USB кабелімен пайдаланыңыз.
u Өлшеу құралын сыртқы USB сақтағышы ретінде пайдаланыңыз.
u Өлшеу құралымен адам не жануарларды суретке түсірмеңіз, себебі лазер
сәулесі тұрақты ретте қосылған болуы мүмкін. Лазер сәулесі қосулы болғанда
адамдардың көзін шағылыстыру немесе көзді зақымдау мүмкін.
u Дисплей әйнегінің зақымдары анық болса, өлшеу құралын пайдаланбаңыз
(мысалы, беттегі сызаттар және т.б.). Жарақат алу қаупі бар.
Магниттік керек-жарақтарды имплантаттардың және
кардиостимулятор немесе инсулин сорғысы сияқты басқа да
медициналық құрылғылардың жанына қоймаңыз. Керек-
жарақтардың магниттері имплантаттардың немесе медициналық
құрылғылардың жұмысына әсер ететін өріс тудырады.
u Магнитті аксессуарды магнитті дерек тасымалдаушылар мен магнитке
сезімтал аспаптардан алыс ұстаңыз. Аксессуарлар магниттерінің әсері қалпына
келтіруге болмайтын деректер жоғалуына алып келуі мүмкін.
Штепсельдік қуат блогы бойынша қауіпсіздік
техникасының нұсқаулары
u Осы штекерлік қуат блогын балалар және дене, сезім немесе ақыл-ой
қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар
пайдаланбауы тиіс. Осы штекерлік қуат блогын 8 жастан асқан балалар және
дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен
білімі жеткіліксіз адамдар олардың қауіпсіздігі үшін жауапты адамның
бақылауында болған және штекерлік қуат блогын қауіпсіз пайдалану туралы
1 609 92A 6UN | (21.09.2021) Bosch Power Tools