158 | Қазақ
u Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі
бар.
u Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе
сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы
мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе
қызып кетуі мүмкін.
u Бұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші
өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы
аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ,
мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан,
кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз.
Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі
туындайды.
u Сыналанса, электр құралын бірден сөндіріңіз.
Тебуді тудыратын жоғары реактивті күштерден
абай болыңыз. Электр құрал егер электр құралы
артық жүктелсе немесе өңделетін дайындамада
қысылса ол сыналады.
Bluetooth® Low Energy Module GCY42 туралы ақпаратты
жинақтағы пайдалану бойынша нұсқаулықтан қараңыз.
u Абай болыңыз! Электр құралын Bluetooth
®
бен
пайдалануда басқа құралдар мен жабдықтар, ұшақ
және медициналық құралдар (мысалы,
кардиостимулятор, есту құралдары) жұмысында
кедергілер пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ жақын
тұрған адамдар мен хайуандарға зиян тудыру
қаупін толық жою мүмкін емес. Электр құралын
Bluetooth
®
бен медициналық құралдар, жанармай
бекеттері, химиялық жабдықтар, жарылу қаубі бар
және жарылатын аймақтар жанында
пайдаланбаңыз. Bluetooth
®
бар электр құралын
ұшақтарда пайдаланбаңыз. Денеге жақын аймақта
ұзақ уақыт пайдаланбаңыз.
Bluetooth
®
сөз белгісі сурет белгісімен (логотиптер)
бірге Bluetooth SIG, Inc компаниясының тіркелген
тауарлық белгісі және мүлігі болып табылады. Осы
сөз/сурет белгісін Robert Bosch Power Tools GmbH
арқылы пайдалану лицензия негізінде орындалады.
Өнім және қуат сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт
және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
ескеріңіз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Бұл электр құралы бұрандаларды бұрап бекітуге және
бұрап босатуға, сондай-ақ ағаш, металл, керамика мен
синтетикалық материалдар бойынша бұрғылауға
арналған. GSB үлгісі, сонымен қатар кірпіш, бетон мен
тас бойынша соққымен бұрғылау үшін қолданылады.
Электр құралының деректері мен реттеулерін Bluetooth
®
Low Energy Module GCY42 пайдаланылған кезде
Bluetooth
®
радио технологиясы арқылы электр құралы
мен ақырғы мобильді құрылғы арасында тасымалдауға
болады.
Көрсетілген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
(1)
Құрал бекіткіші
(2)
Жылдам қысқыш бұрғылау патроны
(3)
Тереңдік шектегіші
(4)
Қосымша тұтқа (беті оқшауланған)
(5)
Қосымша тұтқа төсемі
(6)
Тереңдік шектегішін реттегіш қатпарлы бұранда
(7)
Айналу моментін алдын ала таңдауға арналған
реттегіш сақина
(8)
Жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқыш
(9)
Беріліс ауыстырып-қосқышы
(10)
Қайыс ұстағышы
(11)
Аккумулятор
(12)
Аккумуляторды босату түймесі
(13)
Жұмыс шамы
(14)
Артық жүктемеден қорғаныс индикаторы
(15)
Әмбебап бит ұстағышы
A)
(16)
Айналу бағытын ауыстырып-қосқыш
(17)
Ажыратқыш
(18)
Тұтқа (беті оқшауланған)
(19) Bluetooth® Low Energy Module GCY42 қақпағы
(20)
Заряд деңгейі индикаторының түймесі
(21)
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы
A)
Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты
жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды
біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
Техникалық мәліметтер
Аккумуляторлық дрель-шуруп бұрауыш GSR 18V-85 C GSB 18V-85 C
Өнім нөмірі
3601JG01.. 3601JG03..
Номиналды кернеу V= 18 18
Бос жүріс күйіндегі айналу жиілігі
A)
– 1-беріліс мин
–1
0–480 0–480
1 609 92A 4T1 | (06.02.2020) Bosch Power Tools