Қазақ | 127
штативке орнатып, жұмыс аймағының ортасына
орналастыру қажет.
Сыртқы әсерлерден тыс аспаптық әсерлер де (мысалы
қағылыс немесе қатты соққылар) ауытқуларға алып келуі
мүмкін. Сол үшін әр жұмыстан алдын нивелирлеу дәлдігін
тексеріңіз.
Алдымен көлденең лазерлік сызықтың биіктік пен
нивелирлеу дәлдігін және тік лазерлік сызықтың
нивелирлеу дәлігін тексеріп шығыңыз.
Егер өлшеу құралы тексеру кезінде максималды
ауытқудан асырса, оны Bosch сервистік орталығында
жөндетіңіз.
Көлденең сызықтың биіктік дәлдігін тексеру
Тексеру үшін 5м бос өлшеу қашықтығы қатты жерде A
мен B екі қабырғаның арасында керек болады.
– Өлшеу құралын Ақабырғасының жанындағы штативке
немесе берік әрі тегіс бетке орнатыңыз. Өлшеу
құралын қосып, қиылысу режимін таңдаңыз.
– Лазерді жақын A қабырғасына бағыттап, өлшеу
құралын нивелирлеңіз. Лазер сызықтары қабырғада
айқыш-ұйқыш нүктесінің ортасын белгілеңіз
(нүктесі).
– Өлшеу құралын 180° бұрап, оны нивелирлеп лазер
сызықтарының арғы B қабырғасындағы айқыш-ұйқыш
нүктесін белгілеңіз ( нүктесі).
– Өлшеу құралын бұрамай B қабырғасының қасында
қойып, қосыңыз да нивелирлеңіз.
– Өлшеу құралының биіктігін (штативтер немесе бар
болса тіреуіш көмегімен) лазер сызықтарының айқыш-
ұйқыш нүктесі В қабырғасында алдымен белгіленген
нүктеге сәйкес болатындай бағыттаңыз.
– Өлшеу құралын 180° бұрап биіктігін өзгертпеңіз. Оны
A қабырғасына тік лазер сызығы белгіленген
нүктесінен өтетін етіп бағыттаңыз. Өлшеу құралын
нивелирлеп, лазер сызықтарының айқыш-ұйқыш
нүктесін A қабырғасында ( нүктесі) белгілеңіз.
– А қабырғасындағы мен екі белгіленген нүктенің d
айырмашылығы өлшеу құралының дәл биіктіктен
ауытқуын көрсетеді.
2×5м=10м өлшеу қашықтығындағы рұқсат етілген
максималды ауытқу:
10м×±0,3мм/м=±3мм. мен нүктелері арасындағы
d айырмашылығы ең көбі 3мм құрауы тиіс.
Көлденең сызықтың нивелирлеу дәлдігін тексеру
Тексеру үшін шам. 5×5м бос кеңістік керек.
– Өлшеу құралын А мен Вқабырғаларының арасындағы
ортада штативке немесе берік әрі тегіс бетке
орнатыңыз. Өлшеу құралын қосып, көлденең режимді
таңдаңыз. Өлшеу құралын нивелирлеңіз.
Bosch Power Tools 1 609 92A 5EM | (20.03.2020)