76
• Қуаттандыру бауы зақымданғанда қауіп тудырмау
үшін оны дайындаушы, сервистік қызмет немесе
баламалы білікті маман ауыстыруы тиіс.Аспапты өз
бетіңізбен жөндеуге тыйым салынады. Аспапты өз
бетіңізбен жөндемеңіз, кез-келген ақаулықтар пайда
болған кезде, сондай-ақ құрал құлағаннан кейін
аспапты электр розеткасынан ажыратып, қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Құралды тек зауыт қаптамасымен ғана тасымал-
даңыз.
• Құралды балалардың және мүмкіндіктері шектеулі
адамдардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
НАН МУЛЬТИПІСІРГІШ ТЕК ТҰРМЫСТЫҚ ПАЙДА-
ЛАНУҒА АРНАЛҒАН, КОФЕҚАЙНАТҚЫШТЫ КО-
МЕРЦИЯЛЫҚ НЕМЕСЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ МАҚСАТ-
ТАРДА ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
НАН МУЛЬТИПІСІРГІШ ЖҰМЫСҚА ДАЙЫН-
ДАУ
Құралды төмен температура кезінде тасымал-
дағаннан немесе сақтағаннан кейін оны бөлме
температурасында 3 сағаттан кем емес уақыт ұстау
керек.
• Нан Мультипісіргіш қаптамадан шығарыңыз және
барлық қаптамалық материалдарды алып тастаңыз.
• Зауыттық қаптамасын сақтап қойыңыз.
• Қауіпсіздік шаралары мен пайдалануға беруге қаты-
сты кеңестермен танысыңыз.
• Жинақталымын тексеріңіз.
• Нан Мультипісіргіш зақымдануына қатысты тексеріп
алыңыз, зақымдануы болған жағдайда оны электрлік
желіге қоспаңыз.
• Заттаңбада көрсетілген қуаттандыру кернеуінің
параметрлері электр желісінің параметрлеріне сәйкес
келетініне көз жеткізіңіз.
• Тұтқасынан (3) ұстап, қақпақты (4) сағат тілі бағы-
тымен тірелгенге дейін бұраңыз, қақпақты (4) шешіп
алыңыз.
• Өнімдерге арналған тостағанды (5) шығарып алыңыз.
• Өнімдерге арналған тостағанды (5), өлшеуіш стақан-
шаны (19), қасықты (20), буда әзірлеуге арналған
торды (21) бейтарап жуғыш зат қосылған жылы сумен
жуып жіберіңіз, оларды ағынды сумен шайыңыз және
құрғатыңыз.
• Мультипісіргіштің корпусын (10) және қақпағын (4)
дымқыл шүберекпен сүртіңіз, содан кейін құрғатып
сүртіңіз.
БАСҚАРУ ПАНЕЛІНДЕГІ БАТЫРМАЛАРДЫҢ
ТАҒАЙЫНДАЛЫМЫ (9) ЖӘНЕ ДИСПЛЕЙДЕГІ
ТАҢБАЛАР
• Басқару панеліндегі (9) батырмалар (23, 24, 25,
26, 27, 28) сенсорлық, қажетті режимді қосу үшін
батырманы түрту жеткілікті, батырманы әрбір түрту
дыбыстық белгімен сүйемелденеді.