78
• Батырманы (26) « » басу арқылы, қосуды кешік-
тіру уақытын «минуттар» орнатыңыз, 5 секундтан
кейін орнатылған уақыт «минуттар» тұрақты жанып
тұрады.
• Таймер орнатылған қосуды кешіктіру уақытын кері
санай бастайды, орнатылған уақыттан кейін муль-
типісіргіш қосылып, орнатылған өнімдерді әзірлеу
бағдарламасымен жұмыс істей бастайды.
• Қосудың максималды кешіктіру уақыты - 24 сағат.
Ескертпелер:
- сіз алдымен қажетті әзірлеу бағдарламасын
таңдай аласыз, содан кейін әзірлеуді бастауды қо-
суды кешіктіру уақытын қоясыз немесе әзірлеуді
бастауды қосуды кешіктіру уақытын орнатасыз,
содан кейін қажетті әзірлеу бағдарламасын
таңдайсыз;
- әзірлеуді бастауды кешіктіру уақытын орнату
«Yogurt – Йогурт» және «Fry – Қуыру» бағдарла-
маларында қол жетімді емес.
«High Pressure Жоғары қысым/Low Pressure Төмен
қысым» өнімдерін әзірлеу барысында қысымды
орнату батырмасы (28)
• Батырманы (28) басу арқылы сіз жоғары немесе
төмен қысымда әзірлеу режимдерін таңдай аласыз,
әзірлеу режимдері дисплейде жыпылықтайтын таң-
балар (30) «High Pressure – Жоғары қысым» және
«Low Pressure – Төмен қысым» арқылы көрсетіледі.
• Өнімдерді әзірлеу үшін қажетті қысымды таңдағаннан
кейін, мультипісіргіш 5 секундтан кейін қосылады.
Ескертпе: қысым режимін орнатуды таңдау «Yogurt –
Йогурт» және «Fry – Қуыру» әзірлеу бағдарламаларында
қол жетімді емес.
ӨНІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ТОСТАҒАНДЫ (5) ПАЙДА-
ЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
• Мультипісіргішті тостағаны (5) орнатылмаған күйде
және ішінде өнімдері болмаған жағдайда қоспаңыз.
• Тостағанды (5) өнімдерге асыра жүктеу бу шығару
клапанының (1) ішкі бөлігінің (17) бітеліп қалуына және
мультипісіргіштің ішіндегі қысымның аса күшеюіне
әкелуі мүмкін. Сұйықтық жеткіліксіз болған жағдайда,
мультипісіргіштің ішінде қажетті бу қысымы пайда бол-
майды және өнімдер күйіп кетуіне әкелуі мүмкін.
• Құрғақ өнімдердің көлемі мен сұйықтық мөлшері тура-
лы ұсыныстарды орындаңыз, қажет болған жағдайда
тостағанға (5) кем дегенде өлшегіш стақанның (19)
0,5-1 сұйықтық құйыңыз.
• Тамақ пен сұйықтықтың жалпы көлемі тостағанның
(5). ішкі көлемі сыйымдылығының 60%-ынан аспауы
тиіс. Кептірілген көкөністер, бұршақтар, күріш, дәнді
дақылдар сияқты өнімдер үшін өнімнің жалпы көлемі
тостағанның сыйымдылығының 50%-ынан аспауы
керек (5) (сур. 1).
• Өнімдерді әзірлеуге арналған тостағанды (5) тек муль-
типісіргіште ғана пайдаланыңыз. Кез келген қыздыру