EasyManua.ls Logo

BRAYER BR2401 - Page 88

BRAYER BR2401
96 pages
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
88
KZ
осы ретте дисплейде әзірлеу бағдарламасының
таңбасы (29) көрсетіледі, егер сіз жоғары немесе
төмен қысымда әзірлеу режимін таңдасаңыз, онда
(30) таңбалары таңдалған қысым режимін көрсетеді,
цифрлық таңбалар (31) қысымды сақтау уақытын
көрсетеді, симметриялық жарық индикаторларының
екі тобы (32) дисплейдің ортасына қарай жылжиды
(сур. 6).
Қыздыру кезінде қалқымалы клапан (2) көтеріліп,
қақпақтың (4) ашылуын бұғаттайды, тостағанда (5)
қысым көтеріле бастайды. Қысым белгіленген дең-
гейге жеткенде, аз мөлшерде бу қысымды шектеу
клапанынан (1) шыға бастайды, цифрлық таңбалар
(31) әзірлеу бағдарламасының соңына дейін қалған
уақыттың кері санауын көрсетеді.
Әзірлеу бағдарламасының жұмысы кезінде муль-
типісіргіш жоғарылаған немесе жоғары қысым
жағдайында болды, сондықтан мультипісіргішті
жылжытпаңыз және қақпақты (4) ашуға тырыспаңыз
.
Әзірлеу бағдарламасының жұмысы аяқталғаннан
кейін дыбыстық белгілер естіледі және мультипісір-
гіш жылуды сақтау режиміне қосылады, цифрлық
таңбалармен (31) жылуды сақтау режиміндегі жұмыс
уақыты көрсетіледі.
Мультипісіргішті кез-келген жұмыс режимінде өшіру
үшін (24) «Жылуды сақтау/Болдырмау» батырмасын
басыңыз, мультипісіргіш күту режиміне өтеді.
Қуаттандыру бауының ашасын (22) электрлік розет-
кадан ажыратыңыз.
Мультипісіргіш (4) қақпағын қалай дұрыс ашу керек
Мультипісіргіш қосылғанына және қуаттандыру
бауының айыры (22) электр розеткасынан ажыра-
тылғанына көз жеткізіңіз.
Қақапақты (4) ашпас бұрын, мультипісіргіштің ішінде-
гі қысымды түсіру керек.
Қысымды жылдам түсіру:
- қысымды шектейтін клапанның тұтқасын (1)
«Open» күйге бұраңыз, ол көтеріліп, бу муль-
типісіргіштен қарқынды шыға бастайды, ыстық
бумен күйіп қалмас үшін абайлық сақтаңыз;
- қалқымалы клапан (2) төмен түскенше күтіңіз,
содан кейін ғана қақпақты (4) сағат тілі бағытымен
бұрап, шешіп алуға болады.
Есіңізде болсын, қысымның тез төмендеуі сұйықтығы
көп тағамдарға немесе крахмал мөлшері жоғары
тағамдарға жарамайды (мысалы, көже, ботқалар,
қайнатпалар және т.б.).
Мультипісіргіштің табиғи салқындау процессі:
- мультипісіргішті табиғи түрде суытып, қалқымалы
клапан (2) құлағанша күтіңіз, бұл қоршаған орта
температурасына байланысты 10-нан 25 минутқа
дейін созылуы мүмкін;
- мультипісіргіштің салқындауын тездету үшін сіз
суық сумен ас үй сүлгісін сулап, оны қақпақтың
(4) үстіне жайып қойыңыз, қалқымалы клапан (2)
түскен кезде қақпақты (4) ашуға болады.

Related product manuals