EasyManua.ls Logo

BRAYER BR2402 - Page 87

BRAYER BR2402
106 pages
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
87
KZ
алдында мультипісіргішті салқындату үшін уақыт
беріңіз.
МУЛЬТИПІСІРГІШТІ ПАЙДАЛАНУ
Дыбыстық белгілерді өшіру
Күту режиміндегі дыбыстық белгілерді өшіру үшін
түймені (17) «-»басып ұстап тұрыңыз, осы ретте
дыбыстық белгі шығады.
Күту режимінде дыбыстық сигналдарды қосу үшін
(17) «-» түймесін басып ұстап тұрыңыз, осы ретте
дыбыстық белгі шығады.
Басқару панелін құлыптау
Қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құрылғы-
да түймелердің кездейсоқ басылуына жол бермейтін
басқару панелін құлыптау функциясы бар.
Бастаудан бұрын бғдарламаны баптаудан басқа
кез-келген режимде басқару тақтасын құлыптау
үшін (16) «+» түймесін басып ұстап тұрыңыз, осы
ретте дыбыстық белгі шығады. Дисплейде
(13) «[ ]» таңбалары көрсетіледі. Құлыптау режимін-
де кез келген түймені басқан кезде дисплейде (13)
таңбалары «[ ]» көрсетіледі.
Басқару тақтасының құлпын алып тастау үшін (16)
«+» түймесін қайта басып ұстап тұрыңыз, осы ретте
дыбыстық белгі шығады және дисплейде (13) таңба-
лар «] [» көрсетіледі.
Автоматты әзірлеу бағдарламаларын пайдалану-
дың жалпы тәртібі
МАҢЫЗДЫ! Егер сіз суды қайнатуға арналған құрылғы-
ны қолдансаңыз (мысалы, өнімдерді суда пісіру кезінде),
әзірлеу температурасын 100°C-ден жоғары қоюға ТЫЙ-
ЫМ САЛЫНАДЫ. Бұл мультипісіргіштің қызып кетуіне
және сынуына әкелуі мүмкін. Сол себепті суды қайнату
үшін «Қуыру/Фритюр», «Нан» және «Пісірме» бағдарла-
маларын қолдануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
1. Қажетті ингредиенттерді (өлшеп алыңыз) дайын-
даңыз.
2. Ингредиенттерді рецепт кітабының немесе әзірлеу
бағдарламалары кестесінің нұсқауларын (егер сіз өз
рецептіңіз бойынша әзірлесеңіз) орындай отырып
тостағанға (8) салыңыз. Барлық ингредиенттер, соның
ішінде сұйықтық,
тостағанның (8) ішкі бетіндегі ең жоғары белгіден төмен
екеніне көз жеткізіңіз. Тостаған (8) қисаймай орнатылға-
нына және қыздыру элементіне тығыз орнатылғанына
көз жеткізіңіз.
3. Мультипісіргіштің қақпағын (4) жабыңыз. Кейбір
бағдарламаларды қолданған кезде қақпағы ашық (4)
күйінде әзірлеу рұқсат етіледі, рецепттер кітабының
нұсқауларын орындаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер сіз өсімдік майының көп
мөлшерін пайдаланып жоғары температурада әзірле-
сеңіз, әрқашан мультипісіргіштің қақпағын (4) әрқашан
ашық қалдырыңыз.
4. Қуат сымының штекерін (35) ұяға (7) салыңыз.