39KZ
• Электр плитканы сөндіру үшін (10 немесе 16)
«Қосу/Өшіру» « » батырмасын қайта басыңыз,
бұл ретте (10 немесе 16) «Қосу/Өшіру» « »
батырмасының индикаторы сөнеді, салқындату
желдеткішінің айналуы тоқтағанша күтіңіз және
қуат сымының ашасын (3) электр розеткасынан
суырып алыңыз.
Ескертпелер:
- басқару батырмалары сенсорлық және батыр-
маны түрту жеткілікті;
- басқару батырмасының әр басуы дыбыстық
белгімен сүйемелденеді;
- электр плитканы өшіргеннен кейін, салқындату
желдеткіші біраз уақыт жұмыс істей береді,
салқындату желдеткіші тоқтағаннан кейін қуат
сымының ашасын (3) электр розеткасынан
шығармаңыз.
ҚЫЗЫП КЕТУДЕН ҚОРҒАНЫС
• Электр плиткада қызып кетуден қорғау жүйесі қа-
растырылған. Бос ыдысты қыздырған кезде қызып
кетуден қорғау жүйесі іске қосылады, дыбыстық
белгілер естіледі, дисплейде (8 немесе 14) «Е5»
таңбасы көрсетіледі, электр плитка автоматты
түрде өшеді.
• Егер бұл орын алса, электр плитканы өшіріңіз,
оның салқындағанын күтіңіз.
ТАЗАРТУ ЖӘНЕ КҮТІМІ
• «Қосу/Өшіру» (10 немесе 16) батырмасын басып,
электр плитканы өшіріңіз, салқындату желдеткіші
тоқтағанша күтіңіз және қуат сымының ашасын (3)
электр розеткасынан суырып алыңыз.
• Электр плитка корпусының бетін сәл дымқыл
матамен сүртіңіз, содан кейін құрғатып сүртіңіз.
• Пісіру конфоркаларын (2) тазалау үшін шыны
керамикалық беттерді тазалауға арналған құрал-
дарды пайдаланыңыз.
• Пісіру конфоркаларын (2) және электр плитка кор-
пусын тазалау үшін металл жөкелерді, абразивті
тазалау заттарын немесе еріткіштерді пайдала-
нуға тыйым салынады.
• Желдеткіш тордың (4) тазалығын қадағалаңыз,
оны тазарту үшін тиісті қондырмасы бар шаң-
сорғышты қолдануға болады.
• Электр плитка корпусын, қуаттандыру бауын
(3) және қуаттандыру бауы ашасын суға немесе
кез-келген басқа сұйықтықтарға салуға тыйым
салынады.
САҚТАЛУЫ
• Элек тр плитканы сақтауға алып қояр алдында,
пісіру конфоркаларын (2) және электр плитканың
корпусын тазалаңыз.
• Құралды салқын және құрғақ жерде, балалардың
және мүмкіндігі шектеулі адамдардың қол жетімсіз
жерде сақтаңыз.