38 39KZ KZ
Ескерту:
– егер үтіктің табаны (11) қызғаннан кейін өте биязы
матаны үтіктеу керек болса, онда индикатордың (6)
өшуінің келесі циклін күтуге кеңес беріледі.
СУ ШАШЫРАТҚЫШЫ
• Суқоймада (10) су жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз.
• Матаны ылғалдау үшін су шашыратқыш пернесін
(5) басыңыз.
ҚОСЫМША БУ ЖІБЕРУ
• Қосымша бу жіберу қыртыстарды тегістеу кезінде
көмектесед.
• Қосымша бу беру түймесін (4) басқан кезде бу
үтік табанының (11) тесіктерінен қарқынды шыға
бастайды.
Ескертпе: табан тесіктерінен (11) су тамшыла-
ры ағуына жол бермеу үшін 4-5 секунд интервал
арқылы қосымша бу беру (4) пернесін басыңыз.
ВЕРТИКАЛЬДІ БУЛАУ
• Үтікті тігінен киімнен немесе интерьер бұйымынан
5-20 см қашықтықта ұстап тұрыңыз да, қосым-
ша бу беру түймесін (4) 4-5 секунд аралықпен
басыңыз, бу үтіктің табанынан (11) қарқынды
шығатын болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
– Булау кезінде материалдың еріп кетуіне жол
бермеу үшін үтіктің табанын (11) оған тигізбеңіз.
– Киімді адамның үстінде булауға тыйым салы-
нады, ілгіш пайдалану керек.
• Үтіктеп болғаннан кейін үтікті сөндіріңіз, қуатанды-
ру бауының айырын электр розеткасынан суырып
тастаңыз, үтік табанының (11) толық салқындауын
күтіңіз, су құятын тесіктің қақпағын (2) ашыңыз,
үтікті төңкеріңіз және қалған суды төгіңіз.
АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ӨШІРУ
• Үтікті автоматты түрде өшірудің 2 тәртібі қарасты-
рылған.
1. Егер үтік горизонталь күйінде 30 секунд бойы
қозғалмай тұрса, онда үтіктің қыздырғыш элементі
сөнеді, ал индикатор (6) жанып-сөніп тұрады.
2. Егер үтік вертикаль күйінде негізге (9) қойып, оны
8 минут бойы қозғалыссыз қалдырса, онда үтіктің
қыздырғыш элементі сөнеді, ал индикатор (6) жа-
нып-сөніп тұрады.
• Үтіктеу үдерісін қалпына келтіру үшін үтікті
горизонталь күйден вертикаль күйге аударыңыз
немесе керісінше, үтіктің табанының (11) қызғанын
күтіп, үтіктеу үдерісін жалғастырыңыз.
БУ КАМЕРАСЫН ТАЗАЛАУ
• Үтіктің бу камерасын жүйелі түрде тазалауға кеңес
беріледі, әсіресе «қатты» құбыр суы бар өңірлер-
де тазалауға ерекше көңіл аудару керек.
• Тұрақты бу беру реттігішін (3) «
» (бу беру сөн-
дірілген) күйіне белгілеңіз.
• Қақпақты ашыңыз (2), суды «МАХ» максималдық
белгісіне дейін құйып, қақпақты (2) жабыңыз.
• Үтікті негізіне (9) қойыңыз.
• Қуаттандыру бауының айырын электр розеткасы-
на салыңыз.
• Үтіктің табаны (11) белгіленген температураға дей-
ін қызған кезде индикатор (6) сөніп қалады, үтіктің
бу камерасын тазалауды бастауға болады.
• Қуаттандыру бауының айырын электрлік розетка-
дан ажыратыңыз.
• Үтікті бақалшықтың үстінде горизонталь күйінде
орналастырыңыз, «Self-Clean» түймесін (12)
басып, ұстап тұрыңыз.
• Қайнап жатқан су мен бу қақпен бірге үтік табаны-
ның (11) саңылауларынан сыртқа қарай қарқынды
шыға бастайды.
• Үтікті суқоймадағы (10) барлық су шығып болмай-
ынша, ақырындап алға-артқа шайқаңыз.
• Үтікті негізге (9) қойыңыз және үтіктің табанын (11)
толық суытып алыңыз.
• Табаны (11) суығаннан кейін оны құрғақ матаның
кесігімен сүртіп алыңыз.
• Үтікті сақтауға алып қоярдың алдында суқоймада
(10) судың жоқ екендігіне, ал үтіктің табаны (11)
құрғақ екендігіне көз жеткізіңіз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
• Үтікті тазалаудың алдында оның қшірілгендігіне
және суығандығына, ал қуаттандыру бауының
айыры электрлік розеткаға салынбағандығына көз
жеткізіңіз.
• Үтіктің корпусын сәл дымқыл матамен сүртіп,
содан кейін құрғатып сүртіңіз.
• Үтіктің табанындағы (11) минералдық шөгінділерді
ас сірке суына салынған матамен кетіруге болады.
• Минералдық шөгінділерді жойғаннан кейін табан-
ның (11) бетін құрғақ матамен сүртіңіз.
• Үтіктің табаны (11) мен корпусын тазалау үшін қа-
жайтын тазартқыш құралдарды және еріткіштерді
пайдаланбаңыз.
• Үтіктің табаны (11) үшкір металл заттармен,
сонымен қатар металл түймелермен, найзағаймен
ж.с.с байланыста болуына жол бермеңіз.
• Үтікті, қуаттандыру бауын және қуаттандыру
бауының айырын суға немесе кез-келген басқа
сұйықтықтарға салуға тыйым салынады.
САҚТАУ
• Үтікті сақтауға қоярдың алдында суқоймадан (10)
судың қалдықтарын төгіп, үтікті тазалап алыңыз.