34
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУҒА
БЕРУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Бу станциясын пайдалану алдында пайдалануға
беру жөніндегі нұсқаулықпен мұқият танысыңыз,
оқығаннан кейін, оны болашақта пайдалану үшін
сақтап қойыңыз.
• Бу станциясын осы нұсқаулықта көрсетілгендей,
тікелей оның тағайыны бойынша ғана пайдала-
ныңыз.
• Құрылғыны дұрыс қолданбау оның бұзылуына,
және пайдаланушыға немесе оның мүлкіне зиян
келтіруге әкеп соғуы мүмкін және кепілдік жағдайы
болып табылмайды.
• Заттаңбада көрсетілген бу станциясының жұмыс
кернеуі, сіздің пәтеріңіздегі электр желісінің керне-
уіне сәйкес екеніне көз жеткізіңіз.
• Қуаттандыру бауы «еуроайырмен» жабдықталған;
оны жерге сенімді қосылған байланысы бар элек-
трлік розеткаға қосыңыз.
• Өрт шығу қаупін болдырмау үшін құралды электр
розеткасына қосу кезінде ауыстырғыштарды
пайдаланбаңыз.
• Электр желісіндегі жүк шамадан асып кетпеуі
үшін көп қуатты тұтынатын бірнеше құралды бір
мезгілде қоспаңыз.
• Құрал корпусын, қуаттандыру бауын және
қуаттандыру бауының айырын дымқыл қолмен
ұстамаңыз.
• Бу станциясын тегіс, орнықты жерге орнатыңыз,
егер сіз бу станциясын үтіктеу тақтасына орнату-
ды шешсеңіз, оның сенімділігі мен орнықтылығы-
на көз жеткізіңіз.
• Қуаттандыру бауының үтіктейтін тақтада жат-
пауын, ыстық беттермен және жиһаздың үшкір
шеттерімен жанаспауын қадағалаңыз.
• Құралды жылыту аспаптарының, ашық оттың
немесе жылу көздерінің тікелей жанында пайда-
лануға болмайды.
• Құралды асүй раковинасына жақын, жуына-
тын бөлмеде, бассейндер немесе басқа да су
толтырылған сыйымдылықтарға жақын жерде
пайдалануға болмайды.
• Егер құрал суға құлап кетсе, дереу қуаттандыру
бауының айырын электр розеткасынан суырыңыз,
содан кейін ғана құралды судан алып шығуға
болады. Құралды тексерту немесе жөндету үшін
сервис орталығына жүгініңіз.
• Құралды аэрозольдар пайдаланылатын немесе
шашырайтын жерлерде, сондай-ақ тез тұтанатын
сұйықтықтарға жақын жерлерде пайдалануға
тыйым салынады, мұндай сұйықтықтарды сақтау
орындарында құралды пайдалануға тыйым
салынады.
• Құралды үй-жайдан тыс жерде пайдалануға
тыйым салынады.
• Құралды найзағай кезінде пайдалануға кеңес
берілмейді.