EasyManuals Logo

CMi C-HLP-2000 H User Manual

CMi C-HLP-2000 H
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Page #66 background imageLoading...
Page #66 background image
KAZ
66
Аспапты желіге қосар алдында желідегі элек-
трмен жабдықтаудың аспапты электрмен
қоректендіру талаптарына сəйкес келетіндігіне
көз жеткізу қажет.
Кернеу, қуаттылық жəне номиналды айналу
жылдамдығы тақтайшада көрсетілген негізгі
техникалық деректердің рұқсат етілген ең
жоғарғы мөлшерінен аспаған кезде ғана
аспапты қолдануға болады.
Желілік ашаны сулы қолмен ұстауға бол-
майды! Желілік ашаны кабелінен
емес, аша-
сынан тартқан дұрыс.
Желілік кабельді майыстырмаңыз, қыспаңыз,
жұлқыламаңыз жəне кабельдің үстінен жүр-
меңіз; өткір, майлы жəне ыстық заттарды қол-
данғанда, абай болыңыз.
Аспапты кабельден ұстап тұрып көтермеңіз;
кабельді өзіне белгіленбеген мақсатта пайда-
ланбаңыз.
Əрбір пайдаланар алдында істікшені жəне
кабельді тексеріңіз.
Қуат сымы бүлінген кезде штепсель ашасын
суырып
алып, оны желіден ажыратыңыз.
Бүлінген желілік кабельді ешқашан пайдалан-
баңыз.
Егер аспап пайдаланылмаса, ол əрқашан желі-
ден ажыратылып тұруы тиіс.
Аспапты электрлік қуат көзіне қосар алдында
оның өшіп тұрғанына көз жеткізіңіз.
Ашалы розеткадан ажыратар алдында
аспапты алдын ала өшіріңіз.
Аспапты тасымалдаған кезде тогы өшіріледі.
Осы құрылғыға арналған қауіпсіздік
бойынша нұсқаулар
Жұмыс орнында жеткілікті желдетуді қамтама-
сыз ету керек. Шығатын газдар мен булар ден-
саулық үшін зиянды болуы мүмкін.
Құрылғыны ылғалды ортада қолданбаңыз
жəне оны ылғалдың əсеріне ұшыратпаңыз.
Құрылғыны ұқыпсыз пайдалану өрт пен
жарылыстың артқан қаупін тудырады.
Пластмассаны, бояуларды, лактар мен ұқсас
материалдарды өңдеу кезінде тез жанғыш
жəне улы газдар
шығарылуы мүмкін. Тез
жанғыш жəне улы газдар не материалдардың
жанында жұмыс істеуге болмайды.
Жылылық көрерлік аймағынан тыс жанғыш
бөліктерге өтуі мүмкін.
Құрылғыны ұзақ уақыт ішінде бір орынға
бағыттап тұрмаңыз.
Күйіп қалу қаупі бар! Ыстық шүмекке қол тигіз-
беңіз. Қорғаныш қолғап киіңіз.
Ешқашан ыстық ауа ағынын адамдар не жану-
арларға бағыттамаңыз.
Ешқашан құрылғыны шашқа арналған
құрғатқыш ретінде немесе киімді кептіру үшін
пайдаланбаңыз.
Шүмекті өңделетін бұйымға тым жақын қой-
маңыз. Пайда болатын ауа қысымы құрылғы-
ның қатты қызуына апарып соғуы мүмкін.
Ауаға арналған кіріс саңылауларды бұғатта-
маңыз.
Сақтауға бермес бұрын құрылғыны толықтай
суытып алыңыз. Ыстық шүмек зиян келтіріп,
өрт
тудыруы мүмкін.
Жылжымалы бөлшектер желдету жəне ауасы-
здандыруға арналған саңылауларда да болуы
мүмкін екендігін ескеріңіз.
Аспабыңызда орналасқан белгілерді алып
тастауға немесе жауып қоюға тыйым салы-
нады. Аспаптағы оқылмайтын белгілерді тез
арада ауыстыру қажет.
Жеке қорғаныс құралдары
Құрылғыға шолу
3-бет., 1-тармақ
1. Шүмек
2. Ауаға арналған кіріс саңылаулар
3. Ажыратқыш
4. Тірек
3-бет., 2-тармақ
5. Əйнек қорғайтын шүмек
6. Азайтқыш шүмек
7. Қайтарғыш шүмек
8. Қалақша
Жеткізілім көлемі
Пайдалану бойынша нұсқаулық
Ыстық ауа пистолеті
Саптама шүмектер (4 дана)
Қалақша
Пайдалану
Қолданысқа енгізу алдында пайдалану
бойынша нұсқаулықты оқып, ондағы ұсы-
ныстарды ескеріңіз.
Құрылғымен жұмыс істеген кезде баяу
жанғыш қорғаныш қолғап (жылылық көзі-
нен қорғаныс) кию керек.
Құрылғымен жұмыс істеген кезде жарамды
респиратор киіп жүріңіз.
Нұсқау: Аспабыңыздың іс-жүзіндегі
көрінісі суреттегіден ерекшеленуі мүмкін.
ҚАУIП! Өмір үшін қауіпті! Су құбырла-
рының сыртқы түрін əдетте газ құбырла-
рынан ажырату қиын. Газ құбырларын еш
жағдайда жылытуға болмайды.
ЕСКЕРТУ! Шығатын булардан денсау-
лық үшін қауіп бар! Жарамды респира-
тор киіп, жұмыс орнының жеткілікті жел-
детілуін қамтамасыз етіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Зақымдалу
қаупі бар! Жылылықтың артық берілуі
өңделетін бұйымның зақымдалуына апа-
рып соғуы мүмкін. Қауіп тудырмайтын
жерде сынақ жұмысты орындаңыз.

Questions and Answers:

Question and Answer IconNeed help?

Do you have a question about the CMi C-HLP-2000 H and is the answer not in the manual?

CMi C-HLP-2000 H Specifications

General IconGeneral
BrandCMi
ModelC-HLP-2000 H
CategoryPower Tool
LanguageEnglish

Related product manuals