KAZ
68
• Сақтау алдында аппаратты толығымен суыту
қажет.
• Құрылғыны құрғақ жерде сақтау керек.
Тасымалдау
• Тасымалдау үшін мүмкіндігінше түпнұсқа
орамды пайдаланыңыз.
Ақаулықтар жəне оларды жою
тəсілдері
Ақаулар орын алған жағдайларда…
Көбінесе тіпті кішігірім қателіктер ақаулыққа
соқтырады. Əдетте көптеген ақауларды пайдала-
нушы өз бетімен жоя алады. Сатушыға хабарласу-
дан бұрын, төменде келтірілген кестемен таны-
сыңыз. Бұл артық жұмыстың жəне ықтимал
шығындардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Егер қатені өз күшіңізбен жою мүмкін болмаса,
тікелей сатушыға хабарласыңыз. Назар ауда-
рыңыз! Тиісті жолмен орындалмаған жөндеу
жұмыстары кепілдік күшінің жойылуына жəне
қосымша шығынға себеп болуы мүмкін.
Кəдеге жарату
Құрылғыны кəдеге жарату
Айқас сызығы бар қоқыс себетінің белгісі
төмендегіні білдіреді: Батареялар мен
аккумуляторларды, электрлік жəне элек-
трондық құрылғыларды тұрмыстық
қоқыспен бірге тастауға болмайды. Олар-
дың құрамында қоршаған орта мен денсаулық
үшін зиянды заттар болуы мүмкін.
Тұтынушы тиісті қайта өңдеуді қамтамасыз ету
үшін ескі электрлік құрылғыларды, құрылғы бата-
реяларын жəне аккумуляторларды тұрмыстық
қоқыстан бөлек, ресми қоқыс жинау орнына
кəдеге жарату үшін жауапты. Қайтару туралы
ақпаратты сатушыдан алуға болады. Қайтару
үшін ақы алынбайды.
Ескі электрлік құрылғыларға берік орна-
тылмаған батареялар мен аккумулятор-
ларды кəдеге жаратпас бұрын құрылғы-
дан шығару жəне бөлек кəдеге жарату
керек. Барлық жүйелердің литий батареялары
мен аккумуляторларын кері қабылдау орында-
рына тек заряды таусылған күйде апарыңыз.
Батареяларды əрдайым полюстерін жапсыру
арқылы қысқа тұйықталудан қорғаңыз.
Əр ақырғы пайдаланушы кəдеге жаратылатын
ескі құрылғылардағы жеке деректерді жою үшін
өзі жауапты болады.
Орамды кəдеге жарату
Орам қайта өңдеуге жіберілуі мүмкін кар-
тоннан жəне сəйкес белгіленген пластик-
тен тұрады.
– Бұл материалдардың қайта өңдеуге жіберілуін
қадағалаңыз.
Техникалық сипаттамалар
ҚАУIП! Жарақат алу қаупі бар!
Құрылғыға тиісті деңгейде жүргізілмеген
жөндеу жұмыстары салдарынан құрылғы
бұдан былай қауіпсіз жұмыс істемеуі мүм-
кін. Сондай-ақ пайдаланушы өзіне жəне
өз айналасына қауіп төндіреді.
Қате/ақаулық Себебі Жою бойынша шаралар
Құрылғы жұмыс істемейді. Желіде кернеу жоқ па? Кабельді, ашаны, штепсельді ро-
зетканы жəне сақтандырғышты
тексеріңіз.
Қосу кабелі ақаулы ма? Ауыстыруды электрші маманға
тапсырыңыз.
Құрылғы ауа ағынынсыз
қыздыруды орындап жа-
тыр.
Желдеткіш ақаулы. Құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
Бұдан былай қолданбаңыз.
Артикул нөмірі 304487
Номиналды кернеу 230 V~, 50 Hz
Номиналды қуат 2000 W
Температура 350/550 °C
Ауа ағыны
• [I]
• [II]
əлсіз ауа ағыны
максималды ауа ағы-
ны
Қорғаныс класы II
Кепілдік пен қызмет ету мерзімі туралы ақпа-
рат өнімнің қаптамасындағы таңбаламада
көрсетілген. Өндірілген күні туралы ақпарат
тауар үстінде белгіленген. Шыққан ел туралы
ақпарат өнімнің қаптамасындағы белгілемеде
көрсетілген.