EasyManua.ls Logo

Crown CT13029 - Page 10

Crown CT13029
28 pages
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
KAZ
Ескерту
ـ
жаралану қатерын төмендету үшін, тұтынушылар
бұл түсіндірме кітапшаны мұқият оқып шығулары керек!
Бұрыштық тегістеуіш машинаны қолдану барысына арналған
нұсқаулық
a)
Бұл құрал тегістеу станогы, уатқыш жəне бір нəрсені кесу үшін қолданылуға
арналған. Барлық сақтық шараларын, нұсқаулықтарды жəне осы құралдың
техникалық сипаттамасын оқып шығыңыз.
Төменде көрсетілген нұсқаулықтарды
қадағалау кезінде зейінсіз болу электр тоғы соғуына, өртке жəне/немесе күрделі
жарақаттарға əкеп соғуы мүмкін.
b)
Бұл құралды сым темір қылшақтарын тазарту жəне жылтырату үшін
пайдаланбаған жөн.
Құралдың құрылмасында қарастырылмаған операцияларды
орындау қауіптілік пен жарақаттарға əкеп соғуы мүмкін.
c)
Бұл құралға сəйкес келмейтін жəне өндірушімен ұсынылмаған қосымша
құрылғыларды пайдаланбаңыз.
Құрылғыны құралға жалғау мүмкін болса да бұл
оның қауіпсіздігін кепілдемейді.
d)
Құрылғыны нақтылы айналу жиілігі құрал үшін көрсетілген максималды
жылдамдыққа тең болу керек.
Айналу жыдамдығы анағұрлым жоғары құрылғылар
құралды сындырып тастауы мүмкін.
e)
Сіздің құрылғыңыздың сыртқы диаметрі жəне қалыңдығы құралдың
сипаттамаларына сəйкес болу керек.
Көлемдері сəйкес келмейтін құрылғылар
бақылана алмайды жəне қауіпсіз бола алмайды.
f)
Шеңбердің, жиектердің, оқшаулаушы аралық қабаттың немесе кез-келген
басқа құрылғ
ының диаметрі құралдың диаметріне сай болу керек.
Құралды
бекіту элементтеріне сəйкес келмейтін саңылаулары бар құрылғылар теңгермені
жаңылыстырады, қатты дірілдетеді жəне бақылаудан шығып кетуі мүмкін.
g)
Қауіпті құрылғыларды пайдаланбаңыз. Əрбір қолдану алдында тегістеуші
шеңберде - кетіктер мен жарықтардың болуын, тозуын, сым темір
қылшақтарында - кетіктер мен жарықтардың болуын, тозуын, жоғалып қалуын
немесе қылшақтардың сынуын тексеріңіз. Егер құралды немесе құрылғыны
түсіріп алсаңыз, оның зақымдалмағанын тексеріңіз немесе зақымдалмаған
құрылғыларды орна
тыңыз. Құрылғыны тексергеннен кейін жəне орнатқаннан
кейін өзіңіз үшін жəне байқаушылар үшін құрылғының айналу жазықтығынан
қауіпсіз қашықтыққа ауысыңыз, жəне содан кейін ғана бір минутке құралды
бос күйінде максималды жылдамдыққа қосыңыз.
Бұл уақытта зақымдалған
құрылғылар əдетте құралды сындырады.
Һ)
Жеке бас қорғаныс құралдарын пайдаланыңыз. Мақсатына байланысты
бетке арналған қалқанша мен қорғаушы көзəйнектерді пайдаланыңыз.
Сəйкесінше, шаңға қарсы респиратор, құлақтарды қорғауға арналған құралдар,
қолғаптар жəне ұсақ бүдірлі
бөлшектерден қорғауға арналған жұмыс
алжапқышты тағыңыз.
Көздерді қорғауға арналған құралдар жұмыс нəтижесінде
пайда болатын ұсақ бөлшектерден қорғауды қамтамасыз етеді. Ұзақ мерзімді шу
əсері есту қабілетінен айырылуға əкеп соғуы мүмкін.
i)
Жұмыс аймағында бөгде адамдар болмау керек. Жұмыс аймағына кіретін
адамдардың барлығы жеке басты қорғау құралдарын тағу керек.
Өңделінетін
бөлшектердің үзінділері Жан-жаққа ұшып, тіпті жұмыс аймағынан тыс жерде
жарақаттарға əкеп соғуы мүмкін.
j)
Құралдың металл бөлшектерінің жасырын тоқсымдармен немесе өзінің
кабелімен жанасуы мүмкін жұмыстарды орындау кезінде құралды тек
оқшауланған сабынан ғана ұстау керек.
Құралдың металл бөлшектерінің кернеулі
тоқсымдармен жанасуы құралға кернеу береді жəне оператордың электрлік тоқ
соққысына ұшырауына əкеліп соғуы мүмкін.
к)
Тоқсымды құралдың қозғалмалы бөлшектерінен тыс ұстауға тырысыңыз.
Басқаруды жоғалту кезінде сіз қолыңызға не білегіңізге оралған тоқсымды
шатыстырып алуыңыз мүмкін, бұл жарақаттануға əкеліп соғады.
I)
Жұмыс істеп тұрған құралдың бөлшектері толығымен тоқтағанға дейін оны
ешқашан қоймаңыз.
Айналушы бөлшектер үстіңгі бетіне ілігіп кетіп, сіздің
бақылауыңыздан шы
ғуы мүмкін.
m)
Құралды тасымалдау кезінде ол қосулы күйде болмасын
. Айналушы
бөлшектермен кездейсоқ əсерлесудің нəтижесінде сіздің киіміңіз ілініп кетіп, құрал
сіздің денеңізге тиіп кетуі мүмкін.
n)
Құралдың желдеткіш саңылауларын үнемі тазартып отырыңыз.
Мотордың
желдеткіші шаң жинайды жəне металлды шаңның көп мөлшерде жиналуы электр
тоғының соғуына əкелуі мүмкін.
o)
Құралды тез жанатын материалдардың маңайында қолданбаңыз
. Ұшқындар
тұтануы мүмкін.
p)
Салқындатқыш сұйықтықтарды талап ететін бөлшектерді пайдаланбаңыз.
Суды немесе басқа да салқындатқыш сұйықтықтарын пайдалану электр тоқ
соққысын алуд
ың себебіне айналуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ: Бұл ескерту құрылымы сұйықтықтарды пайдалануды қарастыратын
құралдарға таралмайды.
Барлық операциялар үшін қауіпсіздік бойынша қосымша нұсқаулықтар
Қайтарым жəне оның алдын алу
Қайтарым қысылып немесе ілініп қалған айналушы шеңбердің немесе басқа да
кез-келген құрылғының кенеттен пайда болған реакциясы. Қысылып қалу айналудың
күрт тоқтап қалуына əкеп соғады, ал ол өз кезегінде құралдың бақылаусыз
жан-жаққа лақтырылуына немесе қарама-қарсы жаққа айналуына əкеп соғады.
Мысалы, егер тегістеуші шеңбер өңделінетін материалмен қысылып қалса, қысылу
аймағына кіретін шеңбердің шеті материалдың үстіңгі қабатымен соқтығысуы мүмкін,
осының нəтижесінде шеңбер бұзылуы мүмкін. Шеңбер қысылып қалған аймақтың
бағытына байланысты жұмыс істеушіге қарай немесе басқа жаққ
а қарай лақтырылуы
мүмкін. Бұл жағдайда да тегістеуші шеңбер үзілуі мүмкін.
Қайтарым құралды дұрыс пайдаланбаудың жəне/немесе қолданудың дұрыс емес
шарттарының нəтижесі жəне төменде көрсетілген сақтану шараларын қолдану
арқылы олардың алдын алуға болады.
a)
Қайтарымға қарсы тұру үшін құралдың қатты қысқышын дұрыс
пайдаланыңыз, сондай-ақ оны өзіңізге жəне сіздің қолыңызға қатысты дұрыс
ұстаңыз. Жұмыстың басында қайтарымды максималды түрде бақылау үшін
үнемі көмекші тұтқышты пайдаланыңыз.
Барлық сақтық шараларын қадағалау
арқылы оператор қайтарымды жəне айн
алу кезеңін басқара алады.
b)
Айналушы бөлшектрдің жанына ешқашан қолыңызды жақындатпаңыз.
Бөлшек сіздің қолыңызға лақтырылуы мүмкін.
c)
Қайтарым кезінде құралдың сізге тиіп кету мүмкіндігі болатындай қалыпта
ешқашан тұрмаңыз.
Қайтарым құралды қысылу аймағында дөңгелек айналымына
қарама-қарсы жаққа бағыттайды.
d)
Бұрыштарды, үшкір қырларды жəне т.б. өңдеу кезінде ерекше сақ болыңыз.
Күрт қозғалмаңыз.
Бұрыштар, үшкір қырлар немесе күрт сілкіну айналғыш
бөлшектердің қысылуына, бақылаудың жоғалуына жəне қайтарымның пайда
болуына ықпалын тигізеді.
Kazakh
17
Kazakh
18