34
Қазақ тілі
• Пайдаланбас бұрын құрылғы корпусының
тұтастығын тексеріңіз; кез келген зақымдалу
анықталған жағдайда құрылғыны пайдалануға
болмайды.
Лазер сәулесін адамдар немесе
жануарларға бағыттамаңыз және сәулеге
тікелей немесе оның шағылысына
қарамаңыз. Лазер сәулесі адамдардың
көру қабілетін бұзып, апаттық жаідайды тудыруы
немесе көзді бүлдіруі мүмкін. Лазер сәулесіне
оптикалық құралдар (бинокль, телескоп, т.б.)
арқылы қарауға тыйым салынған, бұл көз торының
зақымдалуын тудыруы мүмкін. Назар аударыңыз:
құралмен бірге жеткізілетін көзілдірік қорғағыш
көзілдірік емес, ал лазер сәулесінің көріну
мүмкіндігін арттыруға арналған. Лазер
сәулесіне осы көзілдірік арқылы қарамаңыз,
бұл жаратқа себеп болуы мүмкін.
• Құрылғыны жарылғыш газдар, шаң немесе булар
бар орталарда қолданбаңыз.
• Жұмыс барысында қате өлшеу нәтижелеріне
себеп болатын факторларға назар аударыңыз:
• лазер сәулелендіргіш терезесінің ластануы;
• мөлдір нысандар (терезелер, аквариумдар
және т.б.) арқылы өлшеу;
• шағылысатын беттерде (айналар, жылтырақ
металл беттері және т.б.) өлшеу;
• ауада будың, шаңның, түтіннің және т.б. болуы.
• Құрылғыны ылғал әсерінен қорғаңыз және ішіне
судың кіруін болдырмаңыз. Құрылғыны сұйықтыққа
салмаңыз.
• Құрылғыны құлатпаңыз немесе соқпаңыз.
• Құрылғыны электромагниттік өрістерден
(мысалы, электрлік имектеп дәнекерлеунен немесе
индукциялық жылытқыштардан) сақтаңыз.
• Қоршаған ортаның температурасы кенет
өзгерген жағдайда, құрылғыны кемінде 30 минут
бойы пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны жоғары температурадағы заттардың
жанында қалдырмаңыз.
Батарея құралын пайдалану және күту
• Тек өндіруші көрсеткен зарядтағышпен
зарядтаңыз. Батарея жинағының бір түріне
арналған зарядтағыш басқа батарея жинағымен
бірге пайдаланғанда, қауіп төндіруі мүмкін.
• Құралды тек сәйкес батареямен пайдаланыңыз.
Басқа батарея түрлерін пайдалану жарақатқа
немесе өртке себеп болуы мүмкін.
• Сырты зақымдалған жағдайларда батареядан
сұйықтық шығуы мүмкін. Оған тимеңіз. Егер
оған кездейсоқ тисеңіз, сумен шайыңыз. Егер
сұйықтық көздерге тисе, оған қоса медициналық
көмекке жүгініңіз. Батареядан шыққан сұйықтық
тітіркенуді немесе күйіктерді тудыруы мүмкін.
• Батареяны ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі бар.
• Батарея зақымдалса және дұрыс емес пай-
даланылса, булар шығуы мүмкін. Ыңғайсыздық
сезген жағдайларда таза ауаны қамтамасыз
етіңіз және медициналық көмекке жүгініңіз.
Булар тыныс алу жүйесін тітіркендіруі мүмкін.
• Батарея ақаулы болса, сұйықтық шығуы және
маңайдағы құрамдастарға тиюі мүмкін. Қатысты
кез келген бөліктерді тексеріңіз. Мұндай бөліктерді
қажетінше тазалаңыз немесе ауыстырыңыз.
• Батареяны жылудан, мысалы, үздіксіз күн
сәулесінен және өрттен де қорғаңыз. Жарылыс
қаупі бар.
• Зарядтағышты жаңбыр мен ылғалдан
қорғаңыз. Зарядтағышқа судың кіруі тоқ соғу қаупін
арттырады.
• Басқа батареяларды зарядтауға болмайды.
Зарядтағыш тек тізімдегі кернеу ауқымы бар
литий - ионды батареяларды зарядтауға арналған.
Әйтпесе өрт және жарылыс қаупі бар.
• Зарядтағышты таза күйде ұстаңыз. Ластану
тоқ соғу қаупін тудыруы мүмкін.
• Пайдалану алдында зарядтағышты,
кабельді және ашаны тексеріңіз. Ақаулар
анықталғанда зарядтағышты пайдалануға
болмайды. Зарядтағышты өзіңіз ашпаңыз және
оны тек түпнұсқалық қосалқы бөлшектерді
пайдаланатын білікті мамандарға жөндетіңіз.
Зақымдалған заряд-тағыштар, кабельдер және
ашалар тоқ соғу қаупін арттырады.
• Зарядтағышты оңай тұтанатын бет-терде
(мысалы: қағаз, тоқыма мата, т.б.) немесе
жанғыш орталарда пайдалануға болмайды.
Зарядтау кезінде зарядтағыштың қызуына
байланысты өрт қаупі бар.
Құрылғыға техникалық қызмет көрсету
Құрылғыға техникалық қызмет көрсетуді білікті
қызметкерлер тек ұсынылған қосалқы бөлшектерді
қолданып орындауы керек. Бұл құрылғының
қауіпсіздігін сақтауға кепілдік береді.
Нұсқауда қолданылған таңбалары
Пайдалану нұсқаулығында төменде берілген
таңбалар пайдаланылады, олардың мағыналарын
есіңізде сақтаңыз. Таңбаларды дұрыс түсіндіру
құрылғыны дұрыс әрі қауіпсіз пайдалануға
мүмкіндік береді.
Таңба Мағына
Сериялық нөмір бар
жапсырма:
CT ... - үлгі;
ХХ - өндіру күні;
XXXXXXX - сериялық
нөмір.
Қауіпсіздік техникасы
туралы барлық
нұсқаулармен және
нұсқаулармен танысыңыз.
Назар аударыңыз! Лазер
сәулесі.
Қозғалыс бағыты.
Айналу бағыты.