EasyManua.ls Logo

Delimano PRO - Page 47

Default Icon
108 pages
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
47
2) БӨЛШЕКТЕР
Delimano PRO асхана роботы келесі функцияларға арналған келесі бөлшектерден тұрады:
1-сур (қараңыз: СУРЕТТЕР, 1-сур)
1. Негізгі бөлігі
2. Көтеруші тұтқа
3. Жылдамдық тетігі
4. Қуат кабелі
5. Араластырушы ыдыс
6. Қамыр ілгіш
7. Тоқпақ
8. Қойылтқыш
9. Алдынғы қақпақ
10. Артқы қақпақ
11. Өлшеуші кесе*
12. Ыдыс қақпағы*
13. Айналдырушы құмыра*
14. Шиыршық корпусы*
15. Шиыршық*
16. Пышақ*
17. Тегістеуші дискілер*
18. Бекітуші бұранда*
19. Ет ұсақтаушыны нығыздаушы*
20. Толтырушы науасы*
21. Шашыраудан сақтағыш
3-сур (қараңыз: СУРЕТТЕР, 3-сур)
22. Итергіш*
23. Корпусы*
24a. Ірі кесуші*
24b. Жапырақтап кесуші*
24c. Ұсақтап кесуші*
25. Шұжықтарды іріктеуші табақ*
26. Шұжық текшесі*
27. Котлет кондырмасы*
28. Котлет жасаушы*
29a. Бал-бауырсақ жасаушыны ұстағыш*
29b. Бал-бауырсақ жасаушы*
30. Кеспе жасаушы дисклер (6 дана)*
* жеке қолжетімді
3) БАСТАПҚЫ ЖИЫНТЫҚТЫ/НЕГІЗГІ БӨЛІКТІ ҚОЛДАНУ (2-сур)
ЕСКЕРТПЕ: Қолданар алдында өнімді қатты, тегіс және құрғақ бетке қойыңыз.
1. Қолын көтеру үшін көтергіш тұтқаны сағат тілі бағытында бұраңыз (1, 2-суреттерін қараңыз). Қолы енді жоғары қозғалатын болады. (1-СЫЗБА)
2. Шашыраудан сақтағышты (21) бастапқыдан негізгі бөлігіне дейін сырғытыңыз. (2-СЫЗБА)
3. Араластырушы ыдысты оны ұстайтын жеріне орнатыңыз ( қадам) және ыдысты орнына түскенше сағат тілі бағытына бұраңыз ( қадам). (3-СЫЗБА)
4. Өнімдерді жоғары жағына дейін салу арқылы қажет ыдысты толтырыңыз (6-8) және орнында бекітілгенше сағат тіліне қарсы бағытта бұраңыз. (4-СЫЗБА ЖӘНЕ 5-СЫЗБА)
5. Араластыратын заттарды салыңыз. Құрылғыны асыра толтырмаңыз тағамдардың ең көп мөлшері 1, 2 кг немесе араластырғыш ыдыстың ішкі жағында белгіленген MAX
деңгейіне дейін сұйықтық.
6. Қолын босату үшін көтергіш тұтқаны сағат тілі бағытына бұраңыз және төмендетіңіз. (6-СЫЗБА)
7. Тоққа қосқыш баусымын қуаттаушы ашаға салыңыз.
8. Араластырушы ыдысты қолданған кезде, әрқашан артқы қақпағының (10) дұрыс орнатылғандығына көз жеткізіңіз.
9. Құрылғыны іске қосу үшін жылдамдық тұтқасын 1-6 жылдамдық баптауларына орнатыңыз.
10. Серпінді жұмыс үшін (қысқа үзілістермен ұсақтау), жылдамдық тұтқасын айналдырыңыз және “PULSE” позициясында ұстап тұрыңыз. Жылдамдық тұтқасын босатқан кезде ол
автоматты түрде “0” позициясына түседі және құрылғы өшіріледі.
11. Ұсақталып/айналдырылып болғаннан соң, қоспалар дөңгелек нысанды болысымен жылдамдық тұтқасын (3) дереу “0” позициясына қайта қойыңыз және құрылғыны тоқтан
ажыратыңыз.
12. Көтергіш тұтқаны (2) төмен қарай басыңыз және қолы жоғары шыға келеді.
13. Қоспаны енді қалақшамен босатып алуға және араластырушы ыдыстан шығаруға болады.
14. Араластырушы ыдысты шешіп алуға болады (сағат тілі бағытына қарсы айналдырыңыз және көтеріңіз).
15. Бөлшектерін Тазалау” тарауында сипатталғандай тазалаңыз.
4) ДЕҢГЕЙЛЕРДІ РЕТТЕУ ЖӘНЕ ІЛГЕКТІ ПАЙДАЛАНУ
Қолдану Жылдамдықты баптау Уақыт (мин) Ең көп мөлшері Белгілеулер
Қамыр ілгіш 1-3 3 700 гр ұн және 380 гр су Ауыр қоспалар ( яғни, нан немесе қысқа кеспелер)
Тоқпақ 1-4 3 400 гр ұн және 400 – 500 гр су Орташа-ауыр қоспалар (яғни, бұршақтар немесе торт қоспалары)
Шиыршық 5-6 3 Кем дегенде 3 жұмыртқа ақуызы Жеңіл қоспалар (яғни, кремдер, жұмыртқа ағуызы…)
ЕСКЕРТПЕ: Ауыр қоспалармен жұмыстату үшін, құрылғыны алты минуттан астам уақытқа қоспаңыз, және оны суыту үшін он минут қойып қойыңыз.
Ешқашан 1,2 астам қоспа қолданбаңыз.
5) 1,5 Л БЛЕНДЕР ШЫНЫ ҚҰМЫРАНЫ ҚОЛДАНУ
Блендерді езу және ұсақтау үшін қолдануға болады. Оны мысалы, сорпа (ең жоғарғы температурасы 55°C), тұздықтар, сүт коктейльдерін, сәби тамағын, көкөністер, жемістер,
езбелер жасауға қолдануға болады. Қажет болған жағдайда қатты қоспаларады блендерге салар алдында кішкентай бөлшектерге (2,5 x 2,5 см) ұсақтап алыңыз.
Маңызды:
•
Қолданар алдында: Блендер құмырасын және құмыраның қақпағын дұрыс орналастырмайынша құрылғыны тоқ көзіне қоспаңыз.
•
Қоланғаннан кейін: Блендер құмырасын негізгі корпусынан шешіп алмас бұрын, құрылғыны тоқ көзінен ажыратыңыз.
•
Блендер құмырасына 55°C астам ыстық қоспаларды салмаңыз.
•
Төгіліп қалуды алдын алу үшін блендер құмырасына 1,5 литрден астам сұйықтық құймаңыз.
•
Ешқашан блендер жұмыс істеп тұрған кезде құмыраның қақпағын шешпеңіз.
•
Блендер құмырасын құрылғыға орнатар алдында және блендер құмырасын құрылғыдан шешіп алғанда әрқашан құмыра қақпағын бүркеп ұстаңыз.
•
Блендерді 3 минуттан астам уақытқа үзіліссіз қолданбаңыз.
•
Бөлшектерін Тазалау” тарауында сипатталғандай тазалаңыз.
Блендерді қолдану (4-сур):
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғының тоқ көзінен ажыратылғандығына көз жеткізіңіз.
•
Артқы қақпағын шешіңіз. (1-СЫЗБА)
•
Өңдегіңіз келген тағамды блендер құмырасына салыңыз.
•
Құмыра қақпағын берік орнатылғанынша құмыраға қарай басыңыз. (2-СЫЗБА)
•
Блендердің өлшеуші кәсесін блендер қақпағына орнатыңыз және бекіту үшін сағат тілі бағытында бұраңыз.( 3-СЫЗБА)
•
Блендер құмыраны негізгі корпусқа орнатыңыз және ол берік орнатылғанынша сағат тіліне қарсы бұраңыз. Негізгі корпус үстіне жазылған АШУ ЖАБУ (OPEN CLOSE) белгілерін
сақтаңыз. (4-СЫЗБА)
•
Құрылғыны тоқ көзіне қосыңыз.
•
Жылдамдық тұтқасын 6-позицияға орналастырңыз.
ЕСКЕРТПЕ
1) Құрылғы жұмыс істеп жатқан кезде сіз өлшеуші кәсені (11) , ТЕК ҚАНА құмыра қақпағынан шешіп алу арқылы ғана қосымша тағамдар қоса аласыз.
2) Блендер құмырасының ішінде жабысып қалған тамақ қалдықтарын шығару үшін құрылғыны арасында өшіріп қою қажет етілуі мүмкін.

Related product manuals