EasyManua.ls Logo

DWT HB02-82 B - Page 127

DWT HB02-82 B
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
127
Қазақ тілі
Өндіруші өзгерістер енгізуі мүмкін.
Электр құралды аударыңыз және
бұрандамаларды 21 бүйірлік гайка кілтін 16
пайдаланып бұрап алыңыз (8-сур. қараңыз).
Реттеу тақтасымен 23 бірге жиналған
қақпақты 22 және жүзді 25 алыңыз.
Бұрандаларды 24 бұрап алыңыз және реттеу
тақтасын 23 жүзден 25 алыңыз.
Барлық бөліктерді жұмсақ щетканы пайдаланып
тазалаңыз.
Жүздерді 25 төменде сипатталғандай
өткірлеңіз.
Жаңа (қайта өткірленген) жүзді 25 орнату
алдында үлгіні 15 пайдаланып туралауды
орындаңыз.
Жүзді 25 туралау үлгісіне 15 қойыңыз (10.2-
сур. қараңыз). Назар аударыңыз: үлгіде 15
зауыттық параметр бар және ешбір қосымша
реттеуді қажет етпейді.
Өзара ауыспалы жүздің 25 кесу жиегін
үлгінің 15 шығыңқы жерінің бойымен
туралаңыз. Реттеу тақтасының 23 тік бөлігін
үлгінің 15 тік бетіне 10.2-сур. көрсетілгендей
басыңыз. Реттеу тақтасындағы 23
тесіктерді жүздегі 25 тесіктерге реттеу
тақтасын 23 үлгі 15 бойымен жылжыту арқылы
сәйкестендіріңіз. Бұрандаларды 24 бекемдеңіз.
Жүздің 25 ұзындығы бірнеше қайта өткірлеуге
байланысты туралау үшін жеткіліксіз болса,
жүздерді 25 ауыстыру керек.
Реттеу тақтасымен 23 бірге жиналған жүзді 25
барабанға 26 10.3-сур. көрсетілгендей қойыңыз.
1 және 9 негіз тақталарының бүйірлік
беттеріне металл сызғышты қойыңыз және
жүздің 25 бүйірлік бөлігін туралаңыз (11-сур.
қараңыз).
Қақпақты 22 қойып, бұрандамаларды 21 бүйірлік
гайка кілтін 16 пайдаланып бекемдеңіз (12-сур.
қараңыз).
Жоғарыдағы әрекеттерді екінші жүз 25 үшін
қайталаңыз.
Электр сүргі жүздерін өткірлеу (10-сур.
қараңыз)
Әрқашан жүздердің 25 екеуін де
бір уақытта және тек арнайы
құралды 14 пайдаланып өткірлеңіз,
өйткені бұл дұрыс өткірлеу бұрышын
қамтамасыз етеді.
Жүздердің 25 екеуін де жоғарыда
сипатталғандай ажыратыңыз.
Құлақты гайкаларды 31 босатыңыз және
жүздердің 25 екеуін де жүзді өткірлеу құралына 14
қойыңыз (10.1 - сур. қараңыз). Жүздердің 25 артқы
бөлшектері үлгінің 28 тоқтатқыштарына тұруы
керек.
Құлақты гайкаларды 31 бекемдеңіз. Қысу
бұрандамаларының басы 27 және тақта 29
жүздердің екеуінің де 25 қозғалысын болдырмау
үшін үлгіге 28 басу арқылы берік түрде бекіту
керек. Жүздердің 25 кесу жиектері бір жазықтықта
орналасуы керек (10.1 - сур. қараңыз).
Жүздердің 25 екеуін де ылғалды, түйіршіктілігі
қатты тегістеу тасында өткірлеңіз.
Жүздердің 25 екеуін де ылғалды, түйіршіктілігі
майда тегістеу тасында өңдеңіз. Сондай-ақ,
жүздердің 25 кесу жиегінің беттерін жылтырату
ұсынылады, өйткені бұл ең жақсы жұмыс
нәтижелерін қамтамасыз етеді.
Жүздердің 25 екеуін де жоғарыда
сипатталғандай орнатыңыз.
Жүргізу белдігін ауыстыру (13 - сур. қараңыз)
Қорғағыш корпустың 7 бұрандаларын 33 бұрап
алып, алыңыз (13-сур. қараңыз).
Тозған жүргізу белдігін 32 алыңыз.
Белдік шкивтерін щеткамен тазалаңыз.
Жаңа жүргізу белдігін 32 жүргізу шкивіне
(диаметрі кішірек) қойыңыз, содан кейін
барабанды айналдырып, жүргізілетін шкивті
(диаметрі үлкенірек) ішке тартыңыз.
Қорғағыш корпусты 7 қойып, бұрандаларды 33
бекемдеңіз.
Қозғалтқыш құралды тазалау
Құрылғыны ұзақ уақыт қолданудың маңызды
талабы - оны таза ұстау. Құрылғыны әрдайым
сығылған ауамен ауа алмасатын тесіктерінен
үрлеп тазартып тұрыңыз 9
Сатудан кейінгі қызмет және өтінім бойынша
қызмет
Біздің сатудан кейінгі қызмет өнімге техникалық
қызмет көрсетуге және оны жөндеуге,
сонымен бірге, қосалқы бөлшектерге қатысты
сұрақтарыңызға жауап береді. Сондай-ақ,
сервистік орталықтар туралы ақпаратты,
бөліктердің диаграммаларын және қосалқы
бөлшектер туралы ақпаратты мына бетте
табуға болады: www.dwt-pt.com
Электр құралдарын
тасымалдау
Тасымалдау кезінде қаптамаға ешбір
механикалық әсерді тигізуге болмайды.
Жүкті түсіргенде / жүктегенде қысып орау
қағидатымен жұмыс істейтін ешбір технология
түрін пайдалануға рұқсат етілмеген.
Қоршаған ортаны
сақтау
Шикізатты қоқыс ретінде пайдаға
асырудың орнына қайта қолдануға
жіберіңіз.
Электр құралы, жарақаттар және
бума қоршаған ортаға зиянсыз қайда
қолдануға жіберілуі керек.
Пластикалық компоненттер сыныпталған қайта
қолдану үшін белгіленген.
Бұл нұсқаулар қайта қолданылатын хлорин
қосылмаған қағазда басып шығарылған.