3. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
3.1 Ауа тартқыш құралды
пайдалану
Төмендегі кестеге сәйкес ұсынылған
жылдамдықты тексеріңіз.
Тамақты жылытқанда, қақпақ жабылған ыдысты қолданып
пісіргенде.
Бірнеше оттықтарда немесе пісіру алаңдарында қақпағы
жабық ыдыста тамақ пісіргенде, баппен қуырғанда.
Қайнап жатқан кезде, көп мөлшердегі тағамдарды қақпақсыз
ыдыста қуырғанда, бірнеше пісіру алаңдарында не
оттықтарда пісіргенде.
Тағамды пісіргеннен кейін ауа
тартқыш құралды шамамен 15 минут
қосып қоюға кеңес беріледі.
Ауа тартқыш құралды іске қосу үшін:
1. Құрылғыны қосу үшін бірінші
жылдамдық
түймешігін басыңыз.
2. Қажет болса, пісіру алаңын
жарықтандыру үшін
шам түймешігін
басыңыз.
3. Керек болса, қажетті түймешікті басып,
жылдамдықты өзгертіңіз.
Құрылғыны сөндіру үшін бірінші
жылдамдық түймешігін қайта басыңыз.
4. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
4.1 Май сүзгісін тазалау
Әр сүзгіні айында кемінде бір рет тазалау
қажет. Сүзгілерді орнату үшін қарама-
қарсы жақтарында қысқыштар мен
қадауыштар пайдаланылған.
Сүзгіні тазалау үшін:
1. Ауа тартқыш құралдың астындағы сүзгі
панеліндегі монтаждау қысқышының
ұстағышын басыңыз (1).
2. Сүзгінің алдыңғы жағын төмен қарай
аздап еңкейтіңіз (2), содан кейін
тартыңыз.
Барлық сүзгілер үшін алғашқы екі қадамды
қайталаңыз.
3. Сүзгілерді жеміргіш емес жуғыш
заттарды қолданып жөкемен немесе
ыдыс жуғыш машинамен тазалаңыз.
42 ҚАЗАҚ