178 Қазақ 2125998
*2125998*
Соққысыз бұрғылау
Соққымен бұрғылау (соғып бұрғылау)
1.4 Өнім туралы ақпарат
өнімдері кәсіби пайдаланушыларға арналған және
оларды тек қана өкілетті, білікті қызметкерлер пайдалануы, күтім
және техникалық қызмет көрсетуі тиіс. Қызметкерлер қауіпсіздік
техникасы бойынша арнайы нұсқау алуы керек. Өнім мен оның қосалқы
құралдарын басқа мақсатта қолдану немесе олардың оқытылмаған
қызметкерлердің тарапынан пайдаланылуы қауіпті.
Түр сипаттамасы мен сериялық нөмір фирмалық тақтайшада берілген.
▶ Сериялық нөмірді төмендегі кестеге көшіріп қойыңыз. Өнім туралы
мәліметтерді өкілдігімізге немесе қызмет көрсету бөлімімізге сұрау
беру арқылы алуға болады.
Өнім туралы мәліметтер
Түрі: SF 2H-A
Буын: 01
Сериялық нөмір:
1.5 Сәйкестілік декларациясы
Біз осы нұсқаулықта сипатталған өнімнің қолданыстағы директивалар
мен нормативтерге сәйкес келетінін толық жауапкершілікпен
жариялаймыз. Сәйкестілік декларациясының суреті осы құжаттаманың
соңында орналасқан.
Техникалық құжаттама мына жерде сақталған:
Hilti Entwicklungsgesellschaft mbH | Zulassung Geräte | Hiltistraße 6 | 86916
Kaufering, DE
2 Қауіпсіздік
2.1 Электр құралдары үшін қауіпсіздік техникасы бойынша
жалпы нұсқаулар
ЕСКЕРТУ Барлық қауіпсіздік нұсқауларын және жалпы
нұсқауларды оқып шығыңыз. Төменде берілген нұсқауларды
орындамау электр тогының соғуына, өртке әкелуі мүмкін және/немесе
ауыр жарақаттарды тудыруы мүмкін.
Қауіпсіздік техникасы бойынша барлық нұсқауларды және
нұсқауларды келесі пайдаланушы үшін сақтаңыз.
Бұдан әрі қолданылатын «электр құрал» термині электр желісінен
(желілік кабельмен) және аккумулятордан (желілік кабельсіз) жұмыс
істейтін электр құралға қатысты.
Printed: 19.06.2019 | Doc-Nr: PUB / 5251744 / 000 / 02