182 Қазақ 2125998
*2125998*
Электр сымдарына тигенде аспаптың қорғалмаған металл бөліктері
кернеу астында болады. Бұл электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
2.3 Бұрауыштар үшін қауіпсіздік нұсқаулары
▶ Бұранда жасырын электр сымдарын зақымдауы мүмкін
жұмыстарды жүргізгенде электр аспабын тұтқалардың
оқшауланған беттерінен ұстаңыз. Бұранда кернеу астындағы
электр сымдарына тиген жағдайда аспаптың металл бөліктері электр
тогының өткізгіштеріне айналып, электр тогының соғуына әкелуі
мүмкін.
2.4 Қауіпсіздік бойынша қосымша нұсқаулар
Адамдардың қауіпсіздігі
▶ Аспап конструкциясына өзгертулер енгізуге және оны
модификациялауға тыйым салынады.
▶ Майланған тұтқыштарды дереу тазалаңыз, олар құрғақ және таза
болуы керек.
▶ Жұмыс уақытында қолдар терлемеуі үшін саусақтарды босату
және жаттықтыру үшін үзілістер жасаңыз.
▶ Бұрандалы шеге айналдырғышының жарығына (жарық
диодына) тікелей қарамаңыз және басқалардың бетіне жарықты
бағыттамаңыз. Соқырлық қаупі бар.
▶ Аспаптың айналатын бөлшектеріне тимеңіз. Аспапты тек жұмыс
аймағына әкелгеннен кейін ғана қосыңыз. Айналатын бөліктерге,
әсіресе айналатын қондырмаларға тию жарақаттарға әкелуі мүмкін.
▶ Қорғауыш қолғаптарда жұмыс істеңіз. Бұрауыш дрель қолдану
барысында қызып кетуі мүмкін. Құралды алмастырған кезде алмалы-
салмалы аспапқа тию жараларға не өртке апарып соғуы мүмкін.
▶ Құрал мен аккумуляторды алмастырған кезде және аспапты сақтаған
және тасымалдаған кезде сақтандырғышты белсендіріңіз (оң жақ/сол
жақ ауыстырып-қосқыш орталық күйінде).
▶ Аспапты әлсіз адамдарға нұсқаусыз пайдалануға тыйым
салынады. Аспапты балалардан алшақ ұстаңыз.
▶ Құрамында қорғасын бар бояулар, ағаштың кейбір түрлері,
бетон/кірпіш қалауы/кварц қамтитын жыныстар және минералдар
мен металл сияқты материалдардан пайда болатын шаң денсаулық
үшін зиянды болуы мүмкін. Мұндай шаңның бөлшектерімен дем
алу немесе оған тию пайдаланушыларда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакциялардың және/немесе дем алу
жолдары ауруларының пайда болуына әкелуі мүмкін. Кейбір шаң
түрлері (мысалы, еменді немесе шамшатты өңдеу кезінде пайда
болатын шаң) канцерогенді деп есептеледі, әсіресе ағашты өңдеу
үшін қолданылатын қосымша материалдармен (хром қышқылының
тұзы, ағашты қорғау заттары) тіркесімде. Құрамында асбест бар
Printed: 19.06.2019 | Doc-Nr: PUB / 5251744 / 000 / 02