EasyManua.ls Logo

Hisense Cross Duo - Page 77

Hisense Cross Duo
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
Қосу/өшіру батырмасы тұтқаның алдыңғы бөлігінде
орналасқан. Еденге шашылатын суды беруді бақылау үшін
тұтқаның сыртқы бетіндегі батырманы қолданыңыз. Өзіңізге
қажетті су мөлшерін қолдана аласыз. Аспап дымқыл вакуумды
тазалау үшін қарастырылмаған, сондықтан сақ болыңыз -
еденді өте көп суламаңыз.
Суды еденге шашу үшін тұтқаның артқы бетіндегі батырманы
басыңыз. Аспап суды алдыңғы беттегі, щетканың астындағы
форсунка арқылы шашады.
Алдыңғы бетіндегі дисплей блогы келесілерді көрсетеді:
Аспаптың батарея зарядының сандық индикаторы бар.
Индикатор қолдану кезіндегі немесе зарядтау процесіндегі
батареяның ағымдағы зарядын көрсетеді.
Құрғақ тазалау индикаторы.
Дымқыл жинау индикаторы.
Аспапты зарядтау
Зарядтау адаптерін қорек шнурының көмегімен шаңсорғыштың
артқы бетіне жалғаңыз. Адаптердің/зарядтау құрылғысының
айтарлықтай жеңіл қосылуға және зарядтауға арналған
магнитті қондырмасы бар.
Аспапты зарядтау кезінде қосу мүмкін емес.
Аспапты тазалау
Әр қолданар алдында аспаптың, шаң жинағыштың және сүзгінің таза екеніне көз жеткізіп алыңыз;
тек осылайша ғана аспаптың қызмет ету мерзімін ұзарта аласыз.
77