HP Deskjet Ink Advantage 2645 All-in-One Series
Жұмысты бастау
1. Принтерді орнату үшін орнату парақшасындағы нұсқауларды орындаңыз.
2. Бағдарламаны орнатыңыз.
Windows
®
www.hp.com/ePrint/DJ2640 сайтына өтіп, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Компьютер интернетке
қосылмаса, бағдарламалық құрал ықшам дискісін компьютерге салыңыз. Ықшам диск іске қосылмаса,
Компьютер параметріне өтіп, HP логотипі бар CD/DVD дискіенгізгісі белгішесін екі рет басыңыз, setup.exe
түймесін екі рет басыңыз, содан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Apple
OS X: Ең соңғы HP бағдарламалық құралын www.hp.com/ePrint/DJ2640 сайтынан алуға болады.
Mac жүйесіне арналған HP бағдарламалық құралы принтермен берілген бағдарламалық құрал ықшам
дискісінде жоқ.
Қосымша мәліметтер алу
Электрондық анықтама: Электрондық анықтаманы бағдарламалық құралды орнату кезінде ұсынылған
бағдарламалық құралдан таңдау арқылы орнатыңыз. Өнім мүмкіндіктері, басып шығару, ақауды жою және
қолдау көрсету туралы қосымша мәліметтер алыңыз. Техникалық ақпарат бөлімінен хабарламаларды,
қоршаған орта туралы және нормативтік ақпаратты, сондай-ақ Еуропалық Одақ нормативтік хабарламасы
мен келісім мәлімдемелерін табыңыз.
• Windows
®
8: Пуск (Бастау) экранында, экранның бос жеріне тінтуірдің оң жағымен басып, бағдарлама
тақтасындағы Все программы (Барлық бағдарламалар) бөлімін басып, принтер атауы бар белгішені
басыңыз, содан соң Справка (Анықтама) түймесін басыңыз.
• Windows
®
7, Windows Vista
®
және Windows
®
XP: Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық
бағдарламалар) > HP > HP Deskjet 2640 series > Справка (Анықтама) тармақтарын басыңыз.
• OS X Lion, Mountain Lion: Справка (Анықтама) > Анықтама орталығы түймесін басыңыз. Анықтаманы
қарап шығу құралы терезесіндегі Барлық бағдарламаларға арналған анықтама түймесін басыңыз,
содан соң HP Deskjet 2640 series түймесін басыңыз.
• OS X v10.6: Справка (Анықтама) > Справка Mac (Мас анықтамасы) түймесін басыңыз. Анықтаманы қарап
шығу құралы терезесіндегі Mac анықтамасы қалқымалы мәзірінен HP Deskjet 2640 series таңдаңыз.
Readme файлы: HP қолдау көрсету ақпаратын, операциялық жүйе талаптарын және соңғы принтер
жаңартуларын қамтиды.
• Windows: Бағдарламалық құралдың ықшам дискісін компьютерге енгізіп, ReadMe.chm файлын шолыңыз.
ReadMe.chm файлын екі рет басып ашыңыз да, тіліңіздегі ReadMe файлын таңдаңыз.
• Mас: Бағдарламалық құрал орнатушысының жоғарғы жағында орналасқан Құжаттар қалтасын ашыңыз.
ReadMe файлын екі рет басып ашыңыз да, қажетті тілдегі ReadMe файлын таңдаңыз.
Интернетте: Қосымша анықтама мен ақпарат: www.hp.com/go/support. Принтерді тіркеу: www.register.hp.com.
Сәйкестік туралы мәлімдеме: www.hp.eu/certicates. Сияны пайдалану: www.hp.com/go/inkusage.
Ескертпе: Картридждердегі сия басып шығару процесінде әр түрлі жолдармен пайдаланылады және
пайдаланылғаннан кейін сияның аз мөлшердегі қалдығы картриджде қалады.
Қазақ