43
MacWindows
Негізгі ақауларды жою
Егер басып шығару мүмкін болмаса:
1. Кабельдерді толығымен ажыратып, қайта қосу арқылы олардың қауіпсіздігін тексеріңіз.
2. Принтердің қуат көзіне жалғанғанын тексеріңіз. Вкл (Қосу) түймесі ақ түспен жанады.
Жиі пайда болатын принтердегі ақауларды түзету үшін пайдалануға болатын тегін диагностикалық утилиталарды
жүктеу үшін HP компаниясының диагностикалық құралдары туралы www.hp.com/go/tools веб-сайтына кіріңіз.
Принтер әдепкі басып шығару құрылғысы ретінде
орнатылғанын тексеріңіз:
• Windows 8: Белгішелер жолағын ашу үшін
экранның жоғарғы оң жақ бұрышына нұсқаңыз
немесе түртіңіз, Параметрлер белгішесін басып,
Басқару тақтасы түймесін басыңыз немесе
түртіңіз, сонан соң Құрылғылар мен принтерлерді
көру пәрменін басыңыз немесе түртіңіз.
• Windows 7: Windows жүйесінің Пуск (Бастау)
мәзірінен Устройства и принтеры (Құрылғылар
және принтерлер) бөлімін басыңыз.
• Windows Vista: Windows жүйесінің тапсырмалар
тақтасындағы Пуск (Бастау), Панель управления
(Басқару тақтасы), Принтер тармақтарын басыңыз.
• Windows XP: Windows жүйесінің тапсырмалар
тақтасындағы Пуск (Бастау), Панель управления
(Басқару тақтасы), Принтеры и факсы
(Принтерлер және факстер) тармақтарын басыңыз.
Принтеріңіздің жанындағы шеңбердің ұяшығына белгі
қойылғанын тексеріңіз. Егер принтер әдепкі принтер
ретінде таңдалмаған болса, принтер белгішесін
тінтуірдің оң жағымен басып, ашылған мәзірден
Выбрать как принтер по умолчанию (Әдепкі
принтер ретінде таңдау) пәрменін таңдаңыз.
Басып шығару кезегін тексеріңіз:
1. Жүйе параметрлері бөлімінде Басып шығару
және сканерлеу түймесін басыңыз (OS X v10.6
ішінде Басып шығару және факс жіберу).
2. Басып шығару кезегі бөлімін басыңыз.
3. Басып шығарылатын тапсырманы таңдаңыз.
4. Басып шығарылатын тапсырманы басқару үшін
төмендегі түймелерді пайдаланыңыз:
• Удалить (Жою): Таңдалған басып шығарылатын
тапсырмадан бас тартады.
• Возобновить (Қалпына келтіру): Кідіртілген
басып шығарылатын тапсырманы жалғастырады.
5. Егер қандай да бір өзгертулер енгізілген болса,
қайта басып шығарып көріңіз.
Перезагрузить и переустановить (Қайта іске қосу
және бастапқы қалпына келтіру):
1. Компьютерді қайта іске қосыңыз.
2. Принтерді бастапқы қалпына келтіреді.
a. Принтерді сөндіріп, қуат сымын ажыратыңыз.
b. Бір минут күтіп, қуат сымын қайта жалғаңыз да,
принтерді қосыңыз.
Ресми мәлімдемелер
Windows XP, Windows Vista, Windows 7 және
Windows 8 – Майкрософт корпорациясының
АҚШ-та тіркелген сауда белгілері.
USB кабелін пайдаланып басып шығара
алмасаңыз немесе бағдарламалық құрал
орнатылмаса:
1. Ықшам дискіні компьютердің CD/DVD дискенгізгісінен
алып, USB кабелін компьютерден ажыратыңыз.
2. Компьютерді қайта іске қосыңыз.
3. Принтердің бағдарламалық құралы бар ықшам
дискіні компьютердің CD/DVD дискенгізгісіне
салып, принтердің бағдарламалық құралын орнату
үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Нұсқау
берілгенше USB кабелін жалғамаңыз.
4. Орнату процесі аяқталғаннан кейін компьютерді
қайта іске қосыңыз.
Егер басып шығару әлі де мүмкін болмаса, басып
шығару жүйесін қайта орнатып, бағдарламалық
құралды жойыңыз:
Басып шығару жүйесін қайта орнату:
1. Жүйе параметрлері бөлімінде Басып шығару
және сканерлеу түймесін басыңыз (OS X v10.6
ішінде Басып шығару және факс жіберу).
2. Сол жақтағы тізімді басқанда Басқару пернесін
басып тұрыңыз, содан соң Басып шығару
жүйесін қайта орнату тармағын таңдаңыз. Басып
шығару жүйесін қайта орнатқаннан кейін Басып
шығару және сканерлеу (OS X v10.6 ішіндегі
Басып шығару және Факс) параметрлеріндегі
принтерлер тізімі бос болады.
3. Қолданылатын принтерді қосыңыз.
Бағдарламалық құралды жою:
1. Принтерді компьютерден ажыратыңыз.
2. Бағдарламалар/Hewlett-Packard қалтасын
ашыңыз.
3. HP орнатушысын жою түймесін екі рет басып,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қазақ