EasyManua.ls Logo

Lux Tools E-MUS-21 - Page 83

Lux Tools E-MUS-21
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
KAZ
83
Электр құралымен далада жұмыс істеген
кезде, далада жұмыс істеу үшін жарамды
ұзартқыш кабельдерді ғана пайдала-
ныңыз. Ғимарат сыртында пайдалану үшін
жарамды ұзартқыш кабельді пайдалану ток
соғу қаупін төмендетеді.
Электр құралының ылғалды ортада қолда-
нылуынан сақтану мүмкін болмаса, диф-
ференциалдық автоматты пайдаланыңыз.
Қорғаушы өшіру құрылғысын пайдалану ток
соғудан жарақаттану қаупін төмендетеді.
Адам қауіпсіздігі
Мұқият болыңыз, жұмысыңызды қадаға-
лап отырыңыз жəне электр құралымен
жұмысты ойластырып бастаңыз. Шар-
шаған немесе есірткі, ішімдік немесе дəрі-
дəрмек əсерінде болған жағдайда аспапты
пайдаланбаңыз. Электр құралымен жұмыс
істеу кезінде бір секундтық зейінсіздік қайтым-
сыз салдарға əкелуі мүмкін.
Қорғаныс жарақтарын киіп, əрдайым қорға-
ныш көзілдірік тағыңыз. Электр аспабының
түрі мен
қолданылуына қарай шаңнан қорғай-
тын бетперде, сырғанауды болдырмайтын
табаны бар аяқ киім, қорғаныш шлем жəне
есту мүшелерін қорғау құралдары сияқты
қорғау құралдарын киіп жүру жарақаттану
қаупін төмендетеді.
Кездейсоқ қосылуынан сақтаныңыз.
Электр құралын қуат көзіне жəне/немесе
аккумулятор батареясына қосу, қолыңызға
алу немесе басқа орынға тасымалдаудан
бұрын, оның өшіп тұрғандығына көз жет-
кізіңіз. Электр құралын тасымалдау кезінде
саусақты ажыратқышта ұстау жəне құралды
ажыратқыштың қосулы күйінде қуат көзіне
жалғау жарақаттануға апарып соғады.
Электр құралын іске қоспас бұрын, ретте-
гіш құралды жəне бұрауыштарды алып
тастаңыз. Құралдың айналмалы бөлігінде
орналасқан құрал немесе кілт жарақаттануға
əкелуі мүмкін.
Қалыпсыз дене қалпында болудан сақта-
ныңыз. Əрдайым орнықты қалыпқа көшіп,
тепе-теңдікті сақтаңыз. Осының арқасында
күтпеген жағдайларда электр құралын жақсы-
рақ бақылайсыз.
Лайықты киім киіп жүріңіз. Кең киім мен
əшекейлер тақпаңыз. Шашыңызды,
киіміңізді жəне қолғабыңызды айналмалы
бөлшектерден алыс ұстаңыз. Кең киім, əше-
кейлер жəне ұзын шаш айналмалы бөліктерге
тап болуы мүмкін.
Егер шаң соратын жəне шаң ұстайтын
құрылғыларды монтаждау мүмкін болса,
олардың дұрыс қосылғанына жəне пайда-
ланылғанына көз жеткізіңіз. Шаңсорғышты
пайдалану шаңнан пайда болатын қауіпті
төмендетеді.
Аспапты пайдалану жəне қолдану
Құралды асыра жүктемеңіз. Жұмыс істеу
үшін осыған арналған электр құралдарын
ғана пайдаланыңыз. Жарамды электр құра-
лымен аталған қуаттылық диапазонында жақ-
сырақ жəне сенімдірек жұмыс істейсіз.
Сөндіргіші зақымданған электр құралын
пайдаланбаңыз. Қосу немесе өшіру мүмкін
емес электр құралы қауіпті болып табылады
жəне оны міндетті түрде жөндеу қажет.
Аспапты орнатудан, керек-жарақтарды
алмастырудан немесе құралды сақтауға
қоймастан бұрын штепсельдік ашаны
розеткадан ажыратыңыз жəне/немесе акку-
мулятор батареясын шығарыңыз. Бұл
сақтық шарасы құралдың байқаусызда
қосылуын болдырмайды.
Қолданылмайтын электр құралдарын
балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз. Құралдың құрылымымен таныс
емес немесе осы пайдалану бойынша
нұсқаулықты оқымаған тұлғаларға
құралды пайдалануға рұқсат етпеңіз.
Электр құралдары тəжірибесіз тұлғалардың
қолында қауіпті болады.
Электр құралын мұқият күтіңіз. Жылжы-
малы бөлшектері мінсіз жəне қысылмай
жұмыс істейтіндігіне, электр құралының
жұмысына кері əсерін тигізе алатын
зақымдар мен сынған бөлшектердің
жоқтығына көз жеткізіңіз. Құралды пайда-
ланбас бұрын зақымдалған бөліктерін мін-
детті түрде жөндеу керек. Электр құралда-
рына нашар күтім жасау жарақаттанудың жиі
себепкері болады.
Кескіш құрал жақсы қайралған жəне таза
болуы тиіс. Мұқият тазаланатын жəне
күтілетін өткір кескіш жиектері бар кескіш
құралдар азырақ кептеледі жəне оларды жүр-
гізу жеңілдеу.
Электр құралдарын, керек-жарақтарды,
қосалқы құралдарды жəне т.б. осы нұсқау-
лыққа сай пайдаланыңыз. Бұл ретте еңбек
жағдайлары мен жүзеге асырылатын əре-
кет түрін ескеріңіз. Электр құралдарын олар-
дың пайдаланылуы үшін көзделмеген басқа
операцияларды орындау үшін пайдалану
қауіпті жағдайлардың туындауына əкелуі мүм-
кін.
Сервистік қызмет көрсету
Электр құралыңызды жөндеуге тек білікті
қызметкерлерге жəне тек түпнұсқа қосалқы
бөлшектермен рұқсат етіңіз. Тек осылайша
электр аспабының қауіпсіздігіне кепілдік
беруге болады.
Тербелістік ажарлағыш машиналарға
арналған қауіпсіздік техинкасы бойынша
нұсқаулар
Бұл электр құралын ажарлау құралы
ретінде пайдалану қажет. Электр құра-
лымен бірге жеткізілетін қауіпсіздік техни-
касы бойынша барлық нұсқауларды,
нұсқаулықтарды, кескіндерді жəне дерек-
терді сақтау қажет. Төмендегі нұсқауларды
сақтамау электр тогының соғуына, өртке жəне/
немесе ауыр жарақаттарға алып келуі мүмкін.
Осы электр құралы үшін өндіруші ұсын-
баған жəне арнайы қарастырылмаған
құрамдас бөлшектерді пайдаланбаңыз.
Құрамдас бөлшектерді электр құралыңызда
бекітіп қою мүмкіндігі ғана олардың қауіпсіз
пайдаланылуына кепілдік бермейді.

Related product manuals