EasyManua.ls Logo

Lux Tools TBS-710 - Page 114

Lux Tools TBS-710
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
KAZ
114
Бұл машинамен алғашқы тегістеу, тазалау,
жылтырату немесе кесу сияқты жұмы-
старды орындауға болмайды. Машина
қарастырылмаған жұмыстар жарақат алуға
əкеп соғуы мүмкін.
Осы машинаға арналмаған ешқандай
толымдауыштарды пайдаланбаңыз. Маши-
наға толымдауыш бөлшекті құрастыру үшін,
оның қауіпсіз жұмыс істеуіне еш əсер етілмеуі
керек.
Толымдауыш бөлшектің ұйғарынды
айналу жиілігі кем дегенде машинада бел-
гіленген ең жоғары айналу жиілігіндей
жоғары болуы керек. Рұқсат етілген мəндер-
ден жылдам айналатын толымдауыш бөлшек-
тер бөлініп жарылуы мүмкін.
Толымдауыш бөлшектің сыртқы диаметрі
мен қалыңдығы машинаның белгіленген
өлшемдер диапазонында болуы тиіс.
Өлшемдері қате толымдауыштарды жеткілікті
дəрежеде қорғау жəне басқару мүмкін емес.
Дискілер тесіктерінің, фланецтердің, қорға-
ныш дискілер жəне барлық басқа да
толымдауыштардың диаметрлері машина-
ның шпинделіне дəл сəйкес келуі тиіс.
Тесік диаметрлері сəйкес келмейтін толымда-
уыштар соққымен айналады, қатты дірілдейді
жəне бақылауды жоғалтуға əкеліп соғуы мүм-
кін.
Зақымдалған толымдауыштарды пайда-
ланбаңыз. Əр пайдалану алдында тəрелкелі
тегістеу шеңберлері сияқты толымдауыштарда
түссіздену, жарылу мен асыра тозудың бар-
жоғын тексеріңіз.
Əр пайдаланудан кейін машина мен
толымдауыштарда зақымдардың бар-
жоғын тексеріңіз жəне зақымдалмаған
толымдауыштармен алмастырыңыз.
Толымдауыштарды тексеріп монтаждаған
соң, құралдардың айналу аймағына
ешкімді жібермеңіз жəне машина ең жоғары
айналу жиілігімен айналғанша бір минут
күтіңіз. Осы бақылау уақытында зақымдалған
толымдауыштар əдетте бұзылып тұрады.
Жеке қорғаныс құралдарын киіп жүру
қажет. Қолданылу саласына байланысты
қорғаныш қалқанша немесе қорғаныш
көзілдірікті пайдалану қажет. Қажет болса,
тегістеу құралының жəне дайындаманың
шағын сынықтарынан қорғаныс ретінде
жарамды қорғаныш бетперде, есту мүше-
лерін қорғау құралдарын, қорғаныш қолғап
пен жұмыс алжапқышын киіңіз. Əртүрлі
жұмыстарды орындау кезінде қорғаныш көзіл-
дірік ұшқан сынықтардан қорғауы керек. Қорға-
ныш бетперде немесе респиратор жұмыс
кезінде пайда болатын ұсақ бөлшектерді сүзуі
тиіс. Ұзақ, қатты шуыл есту қабілетінің нашар-
лауына əкелуі мүмкін.
Бөгде адамдардың жұмыс аймағынан
қауіпсіз қашықтықта болғанын қадаға-
лаңыз. Жұмыс аумағына келген барлық
адамдар жеке қорғаныс құралдарын киюі
қажет. Құрал бөліктері немесе толымда-
уыштардың сынықтары тікелей жұмыс
аумағынан тыс ұшуы жəне жарақаттауы мүм-
кін.
Кескіш құрал
жолында жасырын электр
сымдары немесе өзінің қуат кабелі болуы
мүмкін жұмыстарды орындаған жағдайда,
құрылғыны тек оқшауланған ұстағыштар-
дан ұстап тұрыңыз. Кернеулі сыммен түйісу
құрылғының металл бөлшектеріне кернеу
таратып, электр тогының соғуына да алып
келуі мүмкін.
Қуат кабелінің айналмалы бөлшектерге
тимеуін қадағалаңыз. Бақылау жоғалған
жағдайда, қуат кабелі кесіліп немесе салбырап
түсуі мүмкін, осылайша қолыңыз барлық
айналмалы бөлшектерге тап болуы мүмкін.
Құрал қондырмасы айналуын тоқта-
мағанша машинаны қоймаңыз. Айналатын
құрал қондырмасы сақтауға арналған бетке
ілінісіп қалуы жəне машина қолыңыздан
шығып кетуі мүмкін.
Машинаны таразыда ұстаған кезде маши-
наның жұмыс істемеуін қадағалаңыз. Айна-
латын құрал қондырмасына кездейсоқ тиіп кет-
сеңіз, ол киіміңізді іліп алып, сізді тіліп кетуі
мүмкін.
Машинаңыздың желдеткіш саңылауларын
жиі тазалаңыз. Суық ауа желдеткіші машина-
ның корпусындағы шаңды үрлеп шығарады, ал
шамадан тыс шаң тұнбалары ток соғуға əкелуі
мүмкін.
Тез тұтанатын материалдарды машинаға
жақын жерде пайдаланбаңыз. Ұшқын осы
материалдардың тұтануына апарып соғуы
мүмкін.
Сұйықтықпен салқындатуды қажет ететін
құрал қондырмаларын пайдаланбаңыз. Су
немесе басқа сұйық салқындатқыш құралдар
ток соғуға (ықтимал өлім нəтижесімен) əкелуі
мүмкін.
Кері соққы себептері жəне оны болдырмау
Кері соққыайналмалы дөңгелектердің, қорға-
ныш дискілердің, қылшақтардың немесе басқа
да толымдаушылардың кенет қысылуы не
ілініп қалуына шұғыл реакция. Қысып қалу
немесе іліну айналмалы толымдауыш бөлшек-
тің өте тез тоқтауына əкеледі де, кері реакция
ретінде бақыланбайтын машина толымдауыш
бөлшектің қысылу нүктесіндегі айналу бағы-
тына қарсы жеделдетіледі. Мысалы, тегістеу
шеңбері дайындамада қысылса немесе ілініп
қалса, шеңбер дайындама бетіндегі қысылу
нүктесіне өз шеңберімен соқтығысуы мүмкін,
сонаң соң шеңбер шығып кетеді немесе бұра-
лып шығады. Шеңбердің қысылу нүктесіндегі
айналу бағытына байланысты шеңбер опера-
торға қарай немесе қарама-қарсы бағытпен
ыршып кетеді. Тегістеу шеңберлері сынып
қалуы да мүмкін. Кері соққы машинаны дұрыс
пайдаланбау жəне/немесе дұрыс емес жұмыс
режимдерін немесе жағдайларын пайдалану-
дың нəтижесі болып табылады жəне оған
келесі шараларды қолдану арқылы жол берме-
уге болады.
Машинаны əрқашан берік ұстаңыз жəне
денеңіз жəне қолыңыз кері соққы күшін
бақылай алатындай қалыпта болуы керек.
Іске қосу кезінде кері соққы немесе реакция
сəттерінің оңтайлы бақылау үшін, əрқашан
қосымша тұтқаны пайдаланыңыз (жеткізілім

Related product manuals