MT-4606
• Аспапты қоректену желісінен ажыратқанда желілік бауды тартпай, тек ашадан ұстаңыз.
• Аспапты өз бетімен жөндеуге тырыспаңыз. Ақау туындаған жағдайда жақын орналасқан сервистік орталыққа жолығыңыз.
• Кеңес берілмеген қосымша керек-жарақты пайдалансаңыз, қауіп төнуі немесе аспап зақымдануы мүмкін.
• Аспапты тазалау алдында және оны пайдаланбасаңыз ылғи электр желіден ажыратыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Аспапты су толған ванна, раковина немесе басқа ыдыстардың қасында пайдаланбаңыз.
• Электр тоқ соқпау және тұтанбау үшін аспапты суға немесе басқа сұйықтыққа батырмаңыз. Егер бұл бола қалса, оны бірден электр желіден ажыратып,
тексеру үшін сервистік орталыққа жолығыңыз.
• Аспап физикалық және психикалық шектеулері бар, осы аспапты пайдалану тәжірибесі жоқ адамдармен (соның ішінде балалармен) пайдаланылуға
арналмаған. Бұл жағдайда пайдаланушыны оның қауіпсіздігіне жауап беретін адам алдын ала үйрету керек.
• Қоректендіру негізіне су тигізбеңіз.
• Аспапты тек осы шәйнекке арналған қоректендіру негізімен ғана қолданыңыз. Қоректендіру негізін басқа мақсаттарда қолдануға болмайды.
• Жұмыс кезінде шәйнекті қоректендіру негізінен алып тастаңыз, алдымен аспапты өшіріңіз.
• Аспапты қосар алдында шәйнек қақпағының тығыз жабылғанына көз жеткізіңіз. Әйтпесе қайнағанда автоматты өшіру жүйесі іске қосылмайды, ал қайнаған су
төгілуі мүмкін.
• Аспап тек су қайнатуға арналған. Аспапты басқа сұйықтықтар қыздыруға қолданбаңыз, бұл аспапты бұлдіруі мүмкін.
АЛҒАШ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА
• Аспапты ашып, барлық жапсырмаларын алып тастаңыз.
• Аспапты қолданар алдында осы шәйнектің электр қоректенуі Сіздің жергілікті желіңіздегі техникалық сипаттамалары бар кестеде көрсетілген электр
қоректенуге сәйкес келетінін тексеріңіз.
• Шәйнекке “MAX” белгісіне дейін су құйып, қайнатыңыз. Суын төгіңіз. Шараны екі рет қайталаңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТУ
• 1л су қайнатыңыз. 50г лимон қышқылын қосыңыз. Алынған ерітіндіні 15 минутқа қалдырыңыз.
• Немесе шәйнекке 500 мл ақ сірке суын құйып, қалған бөлікті суға толытырып, қайнатпастан бір сағатқа қалдырыңыз.
• 1 немесе 2 ерітіндісін шәйнектен төгіңіз. Қалған шөгінділерді біраз дымқыл шүберекпен сүртіңіз. Шәйнекке таза су құйып, қайнатып, суды төгіңіз. Суды 1-2 рет
қайнатып, қақ кеткенше төгіңіз. Содан шәйнек пайдалануға дайын.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
COSMOS FAR VIEW INTERNATIONAL LIMITED
ROOM 701, 16 APT, LANE 165, RAINBOW NORTH STREET,
230 В ~ 50 Гц 1,8 Л 0,97 кг / 1,38 кг
КЕПІЛДІК ШЫҒЫН МАТЕРИАЛДАРЫНА (СҮЗГІЛЕР, КЕРАМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КҮЮГЕ ҚАРСЫ ЖАБЫНДЫЛАР, РЕЗИНА НЫҒЫЗДАУЫШТАР МЕН БАСҚАЛАР) ТАРАЛМАЙДЫ.
Аспап жасалу күнін бұйым қорабындағы сәйкестендіру стикерінде және/немесе бұйымның өзіндегі стикерде табуға болады. Сериялық нөмір 13 белгіден тұрады, 4-ші және 5-ші белгі аспаптың
жасалу айын, 6-шы және 7-ші белгі жылын білдіреді.
Өндіруші аспаптың дизайны мен техникалық сипаттамаларын алдын ала ескетпей өзгерту құқығын өзінде қалдырады.