EasyManua.ls Logo

Panasonic ER 508 - Page 19

Panasonic ER 508
24 pages
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
Қазақша
19
Қауіпсіздік нұсқаулары
Қауіпсіздік нұсқауларын орындамау өлімге, ауыр жарақатқа, электр
тогының соғуына, өртке не қысқа тұйықталуға әкелуі мүмкін.
Айнымалы ток адаптерімен жұмыс жасағанда абай
болыңыз
Шаш алатын машинканы тазалаған кезде, айнымалы ток адаптерін
розеткадан ажыратыңыз.
Қуат сымынан емес, әрқашан айнымалы ток адаптерінен тартып
суырыңыз.
Желі адаптері тозған болса, сонымен қатар адаптер розеткаға
сенімді кірмесе, құрылғыны пайдалануға болмайды.
Электр сымына зақым келтірмеңіз немесе пішімін өзгертуге
тырыспаңыз. Электр сымының үстіне ауыр зат қоймаңыз немесе
оны заттардың арасында қыспаңыз.
Шаң мен кірді кетіру үшін сым ашасын жиі тазартып тұрыңыз.
Қорек сымын ауыстыруға болмайды. Егер ол зақымдалған болса,
адаптерді қолдануға болмайды.
Айнымалы ток адаптерін сұйықтықтан сақтаңыз
Шаш алатын машинканы айнымалы ток көзі арқылы жұмыс істеп
тұрғанда жуынатын бөлмеде пайдаланбаңыз.
Айнымалы ток адаптерін су қолыңызбен розеткаға жалғамаңыз
және розеткадан ажыратпаңыз.
Айнымалы ток адаптеріне су тигізуге болмайды.
Шаш алатын машинканы немесе айнымалы ток адаптерін еріткіш,
бензин немесе спиртпен сүртпеңіз.
Төмендегі кеңестердің орындалмау салдарынан терінің
жарақаттануы мүмкін
Алмасты теріге баспаңыз.
Машинканы шаш қырқудан басқа мақсатқа пайдаланбаңыз.
Үй жануарының жүнін қырқу үшін пайдаланбаңыз.
Пайдаланар алдында алмастардың зақымдалмағанын немесе
олардың пішімі өзгертілмегенін тексеріңіз.
-
Әрбір пайдаланар алдында, мегзермен белгіленген орындарға
майды құйыңыз. (23-бетті қараңыз.)
Зарядтау кезіндегі сақтық шаралары
Аспапты 48 сағаттан артық зарядтауға болмайды, бұл
батареялардың қолдану мерзімін қысқартады.
Аспап жұмыс істеп тұрғанда немесе зарядтау барысында машинка
қызып кетуі мүмкін. Ол қалыпты құбылыс.
Аспаптың қалыпты жұмыс істеуі үшін шаш алатын машинканы 5 °C
және 35 °C температура аралығында зарядтаңыз.
Осы модельге арнайы әзірленген қорек сымын және ауыспалы ток
адаптерін ғана қолданыңыз. (RE5-79)
Пайдалану және сақтау кезіндегі сақтық шаралары
Шаш алатын машинканы бөлшектемеңіз немесе оны өзгертпеңіз.
Жөндеу жұмыстарын өзіңіз жүргізбеңіз.
Жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша әрқашан дилердің көмегіне
жүгініңіз.
Физикалық мүмкіндігі мен ойлау қабілеті шектеулі және білімі мен
тәжірибесі аз адамдар (балаларды қоса) бұл құралды олардың
қауіпсіздігіне жауап беретін адамның қадағалауымен немесе
құралды қалай пайдалану жөнінде нұсқау берілген жағдайда ғана
қолдануына болады. Балалардың құралмен ойнауына жол бермеңіз.
Шаш алатын машинка тек үй ішінде пайдалануға арналған.
Шаш алатын машинканы тікелей күн сәулесі түсетін немесе
қыздырушы не басқа да жылу көздерінің жанында сақтамаңыз.
Сипаттама
Қуат көзі: Атау жазылған тақта өнімде орналасқан.
Электр қозғалтқыштың жұмыс кернеуі: 1,2 В тұрақты ток
Зарядтау уақыты: 12 сағат
-

Related product manuals