-
Бақылау астында болса не құрылғыны қауіпсіз пайдалану туралы
нұсқаулар алған болса және байланысты қауіптерді түсінсе, бұл
құрылғыны 8 және одан жоғары жастағы балаларға және дене, сезу
немесе ақыл-ой қабілеттері кем немесе тәжірибесі мен білімі жоқ
адамдарға пайдалануға болады. Балалар құралмен ойнамауы керек.
Тазалау мен пайдаланушыға техникалық қызмет көрсету қызметтерін
бақылаусыз балаларға орындауға болмайды.
-
Ағын сумен шаймас бұрын, құрылғыны әрдайым розеткадан ажыратыңыз.
-
Құрылғыны пайдаланудың алдында оны әрқашан тексеріңіз. Құрылғы
зақымданған болса, оны пайдалануға болмайды. Жарақат алынуы мүмкін.
Зақымдалған бөлшекті әрдайым түпнұсқа түрімен ауыстырыңыз.
-
Қайта зарядталатын батареяны ауыстыру үшін құрылғыны ашпаңыз.
Абайлаңыз
-
Моторды суға немесе басқа сұйықтыққа батыруға болмайды және оны
ағын судың астында шаюға болмайды.
-
Құралды 80°C-тан жоғары ыстық сумен шаюға болмайды.
-
Бұл құрылғыны тек пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген арнайы
мақсатта қолданыңыз.
-
Тазалық мақсатында бұл құралды тек бір адам ғана қолдануы тиіс.
-
Құралды тазалау үшін қысылған ауаны, қыратын шүберектерді, қырғыш
тазалау құралдарын, сондай-ақ бензин немесе ацетон сияқты
сұйықтықтарды пайдалануға болмайды.
-
Қуат құрылғысына зақым келтірмеу үшін электрлік ауа тазалау құралы
бар немесе қамтылған қабырға розеткалары жанында қуат құрылғысын
пайдаланбаңыз.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
-
Бұл Philips құрылғысы электромагниттік өрістерге қатысты барлық
қолданыстағы стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді.
Жалпы ақпарат
-
Бұл құрылғы су өткізбейді. Ваннада немесе душта және ағын су астында
тазалауға үйлесімді. Қауіпсіздік себептері үшін құрылғыны тек сымсыз
пайдалануға болады.
-
Құрылғы 100 - 240 вольтқа дейінгі тоқ қуатымен жұмыс жасай береді.
-
Қуат құрылғысы 100–240 вольтті 24 вольттен төмен қауіпсіз вольтажға
алмастырады.
-
Максималды шу деңгейі: Lc = 75 дБ(A).
Зарядтау
Үлгіге байланысты зарядтау уақыты — 1 сағат (BG2038/BG2036) немесе 8
сағат (BG2028/BG2026/BG2025/BG2024). Құрал толығымен зарядталғанда
50 минут бойы жұмыс істейді. Батарея күйінің көрсеткіші қызыл болып
192
Қазақша