EasyManua.ls Logo

Philips FC8812 - Page 185

Philips FC8812
202 pages
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
4 Құрғақ сүрткіш саптамасының бекіту шығыңқы жерін роботтың бір
жағындағы дөңгелек артындағы саңылауға кіргізіңіз, сөйтіп шырт етіп
орнына түскенін естігенше басыңыз. Содан кейін осы әрекеттерді екінші
жағына да қайталаңыз.
5 Роботты аударыңыз, сөйтіп дөңгелектері мен құрғақ сүрткіш саптамасы
еденге тиіп тұратындай қойыңыз.
Құрғақ сүрткіш саптамасы бар роботты пайдалану
Құрғақ сүрткіш саптамасы жалғанған болса, роботты кез келген режимде
және барлық қатты едендерде пайдалануға болады. Құрғақ сүрткіш
саптамасын кілемде немесе кілемдерде пайдаланбаңыз.
Құрғақ сүрткіш саптамасын алу
1 Еденді сүртуді аяқтағанда, құрғақ сүрткіш саптамасын алыңыз.
2 Роботты аударыңыз және еденге немесе үстелге қойыңыз.
1
2
3 Босату үшін құрғақ сүрткіш саптамасының бір соңын роботтың екінші
жағындағы дөңгелекке қарай итеріңіз. Содан кейін саптаманы роботтан
тартып алыңыз.
Көрінбейтін қабырғаны пайдалану (FC8822)
Батареяларды
көрінбейтін қабырғаға салу
Көрінбейтін қабырға төрт AA батареясынан жұмыс істейді.
1
2
1 Артқы қақпақтың (1) төменгі жағындағы екі босату ілмегін басып, артқы
қақпақты жоғары қарай сырғытып, көрінбейтін қабырғадан (2) шығарыңыз.
2 Орамынан төрт жаңа AA батареясын алып, көрінбейтін қабырғаның
батареялар бөліміне салыңыз.
Ескертпе: Батареялардың + және - жақтарын дұрыс қаратып салыңыз.
185
Қазақша

Table of Contents

Related product manuals