EasyManua.ls Logo

Philips HC9490 - Page 64

Philips HC9490
164 pages
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
- Бұл құрылғыны тек пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген арнайы
мақсатта қолданыңыз.
- Құралды тазалау үшін қысылған ауаны, қыратын шүберектерді,
қырғыш тазалау құралдарын, сондай-ақ бензин немесе ацетон
сияқты сұйықтықтарды пайдалануға болмайды.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Осы Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық
қолданыстағы стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді.
Жалпы ақпарат
- Құрылғыда кернеудің автоматты таңдағышы бар, сондықтан кернеуі
100 және 240 вольт аралығындағы розеткаларға жалғауға болады.
- Адаптер 100-240 вольтты 24 вольттан төмен қауіпсіз кернеуге
түрлендіреді.
- Ең жоғары шу деңгейі: Lc= 75 дБ (A).
Зарядтау
Құрылғыны алғаш рет немесе ұзақ уақыттан кейін қолданар алдында
толық зарядтаңыз.
Ол 1 сағат зарядталғанда құрылғы 180 минутқа дейін сымсыз жұмыс
істей алады.
Ескертпе: Құрылғыны бірінші рет толық зарядтап алғаннан кейін,
құрылғыны ток желісіне қосып та пайдалануға болады. Жай ғана
құрылғыны ток желісіне жалғаңыз.
Зарядтау көрсеткіштері
Батарея төмен деген көрсеткіш
- Батарея заряды таусылуға жақындағанда зарядтау шамы қызғылт
сары болып жыпылықтайды.
Зарядтау
- Құрылғы зарядталып жатқанда зарядтау шамы көк түсте
жыпылықтайды.
Батарея толығымен зарядталды
- Батарея толығымен зарядталғанда зарядтау шамы көк түсте жанып
тұрады.
Ескертпе: 30 минуттан кейін шам өшеді.
ҚАЗАҚША64

Other manuals for Philips HC9490

Related product manuals