43
Қазақша
Магнит қондырма
Тұтқа қолданылғаннан кейін базасына қойылған кезде, тұтқадағы уақытша
тоқтату түймесі өшірілмесе, магнит қондырма уақытша тоқтату түймесін
автоматты түрде қосады.
Жұмыс жасатуды бастау
1
Кіші ашаны базаның астыңғы жағына, ал қуат ашасын 100-240В
розеткаға қосыңыз.
2
Резервуарды базасынан алыңыз.
Ескертпе: Резервуарды алудан бұрын өнімнің өшірілгеніне көз
жеткізіңіз.
3
Қақпағын ашып, резервуардың MAX сызығына дейін жылы су құйыңыз.
4
Қақпақты жабыңыз. Резервуарды базадағы орнына қойыңыз.
Ескертпе: Резервуар мен базаның арасында саңылау қалмауы үшін
қаттырақ басыңыз.
5
Қажетті саптаманы тұтқаға кигізіңіз. Сырт еткен дыбыс шыққанша,
саптаманы басыңыз.
6
Өнімді қосу үшін базалық станциядағы қосу/өшіру түймесін басыңыз.
Қажетті режим (көріңіз 'Режимдер') мен қарқындылық (көріңіз
'Қарқындылық параметрлері') деңгейін таңдаңыз.