0478 403 9802 B - KK
454
Құрылғымен тек физикалық жəне
психологиялық жағдайы жақсы
болғанда ғана жұмыс істеу керек.
Денсаулығыңыз нашар болған
жағдайда ұсақтағышпен жұмыс істеуге
рұқсат алу үшін дəрігерге жолығыңыз.
Қимылыңызды нашарлататын
дəрілердің немесе алкоголь
ішімдіктерінің əсері барда құрылғымен
жұмыс істеуге тыйым салынады.
Құрылғымен жұмыс істеу жəне
пайдалану үшін пайдаланушының
физикалық, сезіну жəне ойлау қабілетін
қамтамасыз ету. Егер пайдаланушы
физикалық, сезіну немесе ойлау
жағынан шектеулі болса, ол
құрылғымен тек қадағалауда немесе
жауапты тұлғаның нұсқаулары
бойынша ғана жұмыс істей алады.
Пайдаланушының кəмелетке
толғанына немесе ұлттық ережелерге
сəйкес кəсібі бойынша қадағалауда
оқытылғанына көз жеткізіңіз.
Назар аударыңыз: жазатайым
уақиғаның қаупі бар!
Мотокультиватор тек ауыл
шаруашылық жұмыстарына арналған.
Құрылғыны тек осы нұсқауларға сəйкес
пайдалану керек – басқа мақсаттарға
пайдалануға тыйым салынады! Кез
келген басқа қолданылу түрлеріне
тыйым салынған жəне ол қауіпті болуы
мүмкін. Ол зақым алуға жəне
құрылғының бұзылуына əкеп соқтыруы
мүмкін.
Пайдаланушының денсаулығына қауіп
төнетіндігіне байланысты
мотокультиваторды келесі жұмыстар
үшін қолдануға болмайды (тізбесі толық
емес):
– үй төбесіндегі жəне балкон
жəшіктеріндегі гүлзарға күтім жасау
үшін,
– ағаштар мен бұталардың бұтақтарын
ұсақтау жəне бұтау үшін.
Құрылғыны зат, жануарлар мен
адамдарды, əсіресе балаларды
тасымалдау үшін пайдалануға тыйым
салынады.
Қауіпсіздік мақсатында STIHL
компаниясы рұқсат еткен керек-
жарақтардың дұрыс орнатылымынан
басқа, құрылғы құрылымына кез келген
өзгерістер енгізуге тыйым салынады,
сонымен қатар, мұндай əрекеттер
кепілдіктің жойылуына əкеледі. Рұқсат
етілген керек-жарақтар туралы
мəліметтерді STIHL делдалынан біліп
алуға болады.
Сонымен қатар, іштен жанатын
қозғалтқыш пен электр қозғалтқыштың
айналу жиілігіне немесе қуаттылығына
əсер ететін құрылғыны қолмен
қозғалтуға тыйым салынған.
Қоғамдық орындар, парктер, спорт
алаңшаларында, жолда, ауыл жəне
орман шаруашылығында пайдаланған
кезде өте сақ болу қажет.
Назар аударыңыз! Діріл
денсаулыққа қауіп
төндіреді! Дірілге
байланысты тым артық
жүктеменің түсуіне орай, əсіресе қан
айналымының сырқаттарынан зардап
шегетін адамдарда қан айналымының
сырқаттары немесе жүйке жүйесінің
ауруы пайда болуы мүмкін. Діріл
жүктемесінен пайда болуы мүмкін
симптомдар анықталған жағдайда
дəрігерге қаралыңыз.
Көбінесе тіс, алақан немесе білек
тұсында пайда болатын симптомдар
мынадай (тізімі толық емес):
– апатия,
– аурулар,
– бұлшық ет əлсіздігі,
– терінің пигменттенуі,
– жағымсыз қышыма.
Жұмыс барысында бас тұтқаны екі
қолмен жəне арнайы жерлерінен берік,
бірақ тым қатты емес ұстаңыз.
Жұмыс уақытын ұзақ мерзімді жоғары
жүктемелерге жол бермейтіндей етіп
жоспарлаңыз.
Мотокультиваторды пайдаланған кезде
үзіліс жасаңыз жəне құрылғыны ұзақ
уақыт қолданбаңыз, себебі ұзақ діріл
əсері денсаулыққа зиянды болып
келеді.
4.2 Жанар-жағар май толтыру -
бензинді қолдану ережесі
Бензинді тек осыған арналған жəне
сертификатталған сыйымды
ыдыстарда (канистраларда) ғана
сақтаңыз. Сұйыққоймалардың
қақпақтарын əрқашан дұрыс бұрап
алып, дұрыс бұраңыз. Қауіпсіздік
талаптарына орай ақаулықтары бар
қақпақтарды жаңасына ауыстырған
жөн.
Жанармай секілді қолданыс
материалдарын пайдаға асыру жəне
сақтау мақсатында, сусындардың
бөтелкелері мен соған ұқсас заттарды
Өміріңіз үшін қауіпті!
Бензин - улы əрі оңай тұтанатын
зат болып табылады.