EasyManua.ls Logo

Vitek VT-2075 - Page 11

Vitek VT-2075
24 pages
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
11
ҚАЗАҚША
• Егер қуаттандыру бауы немесе қуаттандыру
бауының ашасы зақымданса, желдеткіш құласа
немесе кідіріспен жұмыс істесе, немесе ол
құлаған болса желдеткішті пайлануға тыйым
салынады.
• Қуаттандыру бауы зақымданғанда қауіп
тудырмау үшін оны дайындаушы, сервистік
қызмет немесе баламалы білікті маман
ауыстыруы тиіс.
• Аспапты өздігінен жөндеуге тыйым салынады.
Өздігіңізден құрылғыны бөлшектемеңіз, кез
келген ақау шыққанда, сондай-ақ құрылғы
құлаған жағдайда құрылғыны розеткадан
ажыратыңыз да, байланысу мекенжайлары
бойынша кепілдеме талонында көрсетілгендей
және www.vitek.ru сайтында көрсетілген кез
келген авторланған (уәкілетті) қызмет көрсету
орталықтарына жүгініңіз.
• Құралды зауыт орамында ғана тасымалдаңыз.
• Құрылғыны балалардың және мүмкіндіктері
шектеулі адамдардың қолы жетпейтін, құрғақ
салқын жерде сақтаңыз.
ОСЫ ҚҰРАЛ ТЕК ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДА
ПАЙДА ЛАНУҒА АРНАЛҒАН. ӨНДІРІСТІК
АЙМАҚТАР МЕН ЖҰМЫС ҮЙ-ЖАЙЛАРЫНДА
АСПАПТЫ ПАЙДАЛАНУҒА ЖӘНЕ
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ
САЛЫНАДЫ.
АЛҒАШҚЫ ҚОСУ АЛДЫНДА
Тасымалданғаннан кейін немесе құрал төмен
температурада сақталған болса оны бөлме
температурасында үш сағаттан кем емес
уақыт ұстау керек.
ЖЕЛДЕТКІШТІ ҚҰРАСТЫРУ
• Желдеткіш бөлшектелген күйінде жеткізіледі.
Аспапты толық құрастырмай, оны электр
желісіне қоспаңыз.
• Желдеткішті қаптамадан шығарыңыз және
құрылғының жұмысына кедергі келтіретін кез-
келген жарнамалық жапсырмаларды алып
тастаңыз.
• Құрылғының бүтіндігін тексеріңіз, зақымдалған
жерлері болса, құрылғыны пайдаланбаңыз.
• Тік түтікті (3), желдеткіш корпусына (2),
құбырдағы қысқыштарды (3), корпустағы
ойықтармен (2) туралаңыз. Түтікті бекіту үшін
оның алдыңғы төменгі бөлігін басыңыз.
• Алғашқы іске қосу алдында желідегі кернеудің
желдеткіштің жұмыс кернеуіне сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
ҚАШЫҚТЫҚТАН БАСҚАРУ ПУЛЬТІН (12) 
ПАЙДАЛАНУ 
• ҚБ пультіндегі (12) батырмалар қызметі, басқару
панеліндегі (4) батырмалар қызметіне толық
сәйкес келеді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Құралдың құрамында литийлік қуат тандыру
элементі бар. Литийлік қуаттандыру элементінің
баланың өңешіне түсуіне жол бермеңіз. Егер бала
қуат тандыру элементін жұтып қойса, дереу
дәрігерге көрсету керек.
Қуаттандыру көзі элементінің ағып кетуі
құралдың бүліну немесе бұзылу себебі болуы
мүмкін. Бұзылуға жол бермеу үшін төменде
берілген нұсқаулықтарды орындаңыз:
– «CR2025» типті өлшемді қуаттандыру
элементтерін ғана пайдаланыңыз;
– қуаттандыру элементін қайта зарядтауға
тыйым салынады;
– қуаттандыру элементтерін үйектілікті
қатаң сақтап орнатыңыз;
– егер құрылғы ұзақ уақыт бойы пайдаланыл-
майтын болса, онда қуаттандыру элементін
алып тастаңыз;
– қуат элементін уақытылы ауыстырып
отырыңыз.
– қуаттандыру элементтерін оларды ары
қарай кәдеге асыру үшін мамандандырылған
орындарға тапсырыңыз;
– қуаттандыру қысқыштарының
тұйықталуына жол бермеңіз.
Қашықтықтан басқару пультінде (12) 
қуаттандыру элементін орнату немесе 
ауыстыру
• Қуаттандыру элементінің ұстағышын (13)
шығарып алыңыз, ол үшін бүйірлік бекіткішке
басыңыз, үйектілігін қатаң сақтап, CR2025
қуаттандыру элементін орнатыңыз.
• Қуаттандыру элементінің ұстағышын (13)
орнына орнатыңыз.
Ескерту: - оқшаулағыш төсемдер болған
жағдайда, төсемді шығарып алыңыз.
• Желдеткіш корпусында қашықтықтан басқару
пультін (12) сақтауға арналған орын (5)
қарастырылған.
ЖЕЛДЕТКІШТІ ПАЙДАЛАНУ
• Желі бауының ашасын электр розеткасына
салыңыз, бұл ретте дисплей (14) жанады, және
онда сандық таңбалар (11) арқылы үй-жайдағы
ауа температурасы көрсетіледі.
Ескертпе:
– Басқару тақтасындағы (4) жұмыс режимдерінің
батырмалары сенсорлы, қажетті жұмыс
режимін іске қосу үшін батырманы түрту
жеткілікті.
– Әрбір батырманы түрту дыбыстық белгімен
сүйемелденеді.
– Aуа температурасының көрсеткіштері басқа
термометрдің көрсеткіштерінен сәл өзгеше
болуы мүмкін.
• Қосу/сөндіру (6) «
POWER
» батырмасына немесе ҚБ
пультіндегі (12) батырманы (6) «
POWER
» басыңыз,