Қазақ | 171
Пайдалану нұсқаулары
u Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген
күйде салыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары
сырғып кетуі мүмкін.
u Кіріктірілген Bluetooth
®
Low Energy Module GCY 30-4
(керек-жарақ) модулі бар электр құралы радио
интерфейспен жабдықталған. Жергілікті
пайдалану шектеулерін, мысалы, ұшақтарда
немесе емханаларда ескеріңіз.
Айналу моменті қағу ұзақтығына байланысты болады.
Максималды мақсатты айналу моменті барлық соққылар
арқылы жеткен айналу моменттерінің қосындысынан
шығады. Максималды айналу моментіне 6–10 секундтық
қағу ұзақтығынан кейін қол жеткізіледі. Осы уақыттан
кейін тарту моменті минималды шамаға ғана көтеріледі.
Қағу ұзақтығын әрбір талап етілген тарту моменті үшін
есептеу керек. Дәл жеткен тарту моментін әрдайым
динамометрлік кілтпен тексеріңіз.
Қатты, иілгіш немесе жұмсақ тіректі бұрандалы
қосылымдар
Сынау кезінде бір қағу әрекетінде қол жеткізілген айналу
моменттері өлшеніп, диаграммаға көшірілсе, айналу
моменті процесінің қисық сызығы пайда болады. Қисық
сызық биіктігі максималды қол жеткізілетін айналу
моментіне сай келеді, құламалығы қол жеткізілетін
уақытты көрсетеді.
Айналу моментінің процесі төмендегі факторларға
байланысты болады:
–Бұрандалар/гайкалардың қаттылығы
–Тіректің түрі (шеңбер, дискілік серіппе, тығыздауыш)
–Бұралатын материал қаттылығы
–Бұрандалы қоспаның майланғаны
Сәйкесінше төмендегі пайдалану жағдайлары пайда
болады:
–Қатты тірек металдан металға біріктірген кезде астына
салатын шайбаларды пайдаланғанда пайда болады.
Қысқа қағу уақытынан соң максималды айналу
моментіне қол жеткізіледі (құламалы сипаттамалы
сызық). Керек болмаған ұзақ қағу уақыты машинаға
зиян тигізеді.
–Иілгіш тірек металдан металға біріктірген кезде, бірақ
серіппелі сақиналарды, дискілік серіппелерді, тіректі
болттарды немесе конустық тіректі бұрандаларды/
гайкаларды және ұзартқыштарды пайдаланған кезде
пайда болады.
–Жұмсақ тірек металды ағашқа біріктірген кезде
немесе тірек ретінде қорғасын немесе талшықты
шеңберлерді пайдаланған кезде пайда болады.
Иілгіш немесе жұмсақ тіректе максималды тарту моменті
қатты тіректен төмен болады. Сонымен қатар ұзақ қағу
уақыты талап етіледі.
Бұрандалардың максималды тарту моменттері үшін мақсатты мәндер
Деректер Нм бойынша берілген, керілген көлденең қимадан есептелген; аққыштық шегінің қолданылуы 90% (үйкелу
коэффициенті µ
жал
=0,12). Бақылау үшін тарту моментін әрдайым динамометрлік кілтпен тексеру қажет.
DIN 267 бойынша
қаттылық
кластары
Стандартты бұрандаларБерік бұрандалар
3.64.65.64.86.65.86.86.98.810.912.9
M101317.5222326293539476578
M1222.63037.6404550606780113135
M1436486065727995107130180215
M1655739298110122147165196275330
M1875101126135151168202227270380450
M20107143178190214238286320385540635
M22145190240255290320385430510715855
M241852453103253704104904556509101100
Кеңестер
Үлкен шуруптарды қатты материалдарға бұрап бекіту
алдында шуруптардың ұзындығының шамамен 2/3 ішкі
ирек ойма диаметріне сәйкес келетін диаметрі бар тесікті
алдын ала бұрғылау керек.
Ескертпе: электр құралына кішкентай металл
бөлшектердің кіріп кетуіне жол бермеңіз.
Электр құралмен ұзақ жұмыс істегеннен кейін салқындату
үшін 3 минутқа ең жоғары айналымдар санына қосу
керек.
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы
нұсқаулар
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан
қорғаңыз.
Аккумуляторды тек – 20° - 50°C температура ауқымында
сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте қалдырмаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы
аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды
орындаңыз.
Сым қысқышы
Сым қысқышының(4) көмегімен электр құралын,
мысалы, сатыға іліп қоюға болады.
Bosch Power Tools1 609 92A 5N5 | (06.08.2020)