35
• Электр шайнекті жылытатын аспаптардың, ашық
оттың немесе жылу көздерінің тікелей қасында
пайдаланбаңыз.
• Электр шайнекті аэрозольдар пайдаланылатын
немесе шашырайтын жерлерде, сондай-ақ тез
тұтанатын сұйықтықтарға жақын жерлерде пайда-
лануға тыйым салынады.
• Электр шайнекті тегіс және тұрақты бетке
орнатыңыз, оны үстелдің шетіне қоймаңыз. Желі
бауының үстелден салбырамауын, сондай-ақ
оның ыстық беткейлерге және өткір шеттерге тиіп
тұрмауын қадағалаңыз.
• Шайнектің шүмегін ағаш жиһазға, кітаптарға,
ылғалдан немесе ыстық будан бүлінетін заттарға
бағыттамаңыз.
• Қуаттандыру бауы мен ашаға дымқыл қолмен
тиісуге тыйым салынады.
• Шайнекті сусыз қоспаңыз, шайнекті толтырғаннан
кейін қақпағын тығыз жабыңыз.
• Шайнектегі судың деңгейі шайнек құтысы ішіне
салынған «MAX» максималды белгісінен жоғары
болмауын қадағалаңыз. Егер судың көлемі
максималдық белгіден асып тұрса, қайнаған кезде
қайнаған су шайнектен тасып төгілуі мүмкін.
• Суды қайнату кезінде ыстық буға күйіп қалмау
үшін жұмыс істеп тұрған шайнектің шүмегіне
төнбеңіз.
• Суды қайнатқан кезде шайнектің қақпағын ашуға
тыйм салынады.
• Шайнектің беті өте жоғары температурада болуы
мүмкін. Шайнектің қызған беттеріне тиіскен кезде
ұқыптылық пен абайлық сақтаңыз. Шайнекті тұтқа-
сынан ұстаңыз.
• Қайнаған суға толы шайнекті тасымалдаған кезде
сақ болыңыз. Шайнек суын төккенде абайлаңыз,
шайнекті күрт еңкейтпеңіз, шайнекті ұқыпсыз пай-
даланғанда, сіз ыстық суға күйіп қалуыңыз мүмкін.
• Тазалау алдында, немесе егер сіз шайнекті
пайдаланбасаңыз, шайнекті электр желісінен ажы-
ратыңыз. Шайнек түпқоймасын электр желісінен
ажыратқан кезде тек қуат ашасынан ұстаңыз және
оны электр розеткасынан абайлап шығарыңыз,
қуат сымынан тартпаңыз – бұл қуат сымының
және розетканың зақымдануына әкелуі және
қысқа тұйықталуды тудыруы мүмкін.
• Электр тогының соғу қаупін болдырмас үшін
электр шайнекті суға немесе кез келген басқа да
сұйықтыққа батырмаңыз.
• Электр шайнекті ыдыс жуатын машинаға салуға
тыйым салынады.
• Балалардың қауіпсіздігі мақсатында қаптама
ретінде қолданылатын полиэтилен қапшықтарды
қараусыз қалдырмаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Балаларға полиэтилен
пакеттерімен немесе қаптама үлдірімен ойнауға
рұқсат етпеңіз. Тұншығу қаупі бар!