EasyManua.ls Logo

BRAYER BR1078 - Page 39

BRAYER BR1078
44 pages
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
39
KZ
СУДЫ БЕЛГІЛЕНГЕН ТЕМПЕРАТУРАҒА ДЕЙІН
ҚЫЗДЫРУ / СУ ТЕМПЕРАТУРАСЫН ҰСТАП ТҰРУ
ФУНКЦИЯСЫН ҚОСУ
Сіз суды қажетті температураға дейін қыздыра
аласыз (40-50-60-70-80-90-100°C). Шайдың түрлі
сұрыптарын қайнату үшін судың белгілі бір темпе-
ратурасы қажет.
Судың температурасын пайдалану ұсынылады:
40-60°С – балалар тағамы және басқа қажеттіліктер
үшін, 70°C – ақ және көк шай үшін, 80°C – еритін
кофе, 90-100°С – қара шай үшін.
Күту режимінде (9) «
» температуралық режим-
дерді орнату батырмасын қысқа басу арқылы
қажетті суды жылыту режимін 40-70-80-90-100°C
етіп орнатыңыз, цифрлық таңбалармен (12) және
жарықпен (11) шайнек қолбасындағы (1) судың
қызатын температурасы көрсетіледі.
Су температурасын ұстап тұру режимін қосу қажет
болса, су температурасын орнатқаннан кейін
температура режимін орнату түймесін (9) «
»
тағы бір рет басып, оны 2 секунд ұстап тұрыңыз,
осы ретте су температурасын ұстап тұру функ-
циясы қосылып, су температурасы 2 сағат бойы
сақталады.
Ескертпе: егер температураны ұстап тұру режимін-
де судың температурасы орнатылғаннан 5 градусқа
төмен түссе, бұл жағдайда қыздыру элементі іске
қосылады, су белгіленген мәнге дейін қызады және
қыздыру функциясы тағы 2 сағатқа қосылады.
Су температурасын ұстап тұру функциясын өшіру
үшін қосу/өшіру түймесін (10) «
» басыңыз, су
температурасын ұстап тұру функциясы өшіріледі.
Ескертпе: су температурасын ұстап тұру ре-
жимінде жады функциясы қосылады, егер сіз
шайнекті түпқоймадан (7) 10 рет шешіп алған
болсаңыз және судың температурасы белгіленген
температурадан 8 градусқа төмендемесе, судың
температурасын ұстап тұру функциясы белсенді
болады, егер судың температурасы орнатылған
температурадан 8 градустан жоғары түссе, бұл
жағдайда судың температурасын ұстап тұру
функциясы өшеді.
Қыздыру қызметін сөндіру қажет болса, қосу/сөн-
діру батырмасын (10) «
» басыңыз.
ҚЫЗЫП КЕТУДЕН ҚОРҒАНЫС
Егер сіз шайнекті кездейсоқ қосып қойсаңыз, ал
судың деңгейі минималды белгіден төмен болса,
онда автоматты термосақтандырғыш қосылады және
шайнек өшеді. Бұл жағдайда шайнекті түпқоймадан
(7) шешіп алыңыз және 10-15 минут бойы суытыңыз,
содан кейін шайнекті сумен толтырыңыз және
қосыңыз, электр шайнек қалыпты режимде жұмыс
істейтін болады.
ТАЗАРТУ ЖӘНЕ КҮТІМІ
Тазалау алдында шайнекті электр желісінен ажы-
ратып, суды ағызыңыз және шайнекті суытыңыз.

Related product manuals