37KZ
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ЖӘНЕ ПАЙДА-
ЛАНУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚТАР
Индукциялық электр плитканы (бұдан әрі
«электр плитка») пайдалану алдында пайда-
лануға беру жөніндегі нұсқаулықпен мұқият
танысыңыз, оқығаннан кейін, оны болашақта
пайдалану үшін сақтап қойыңыз
• Электр плитканы осы нұсқаулықта баяндалғандай
тікелей мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз.
• Электр плитканы дұрыс қолданбау оның бұзылуы-
на, және пайдаланушыға немесе оның мүлкіне
зиян келтіруге әкеп соғуы мүмкін және кепілдік
жағдайы болып табылмайды.
• Заттаңбада көрсетілген құрылғының жұмыс
кернеуі электр желісінің кернеуіне сәйкес екеніне
көз жеткізіңіз.
• Электр розеткасының қызып кетуіне және оның
жануы мүмкіндігіне жол бермеу үшін электр
плитканы электр розеткасында кемінде 10 А
номиналды жүктеме тогы барына қосыңыз, осы
электр розеткасына жоғары қуатты тұтынатын
басқа құрылғыларды қоспаңыз.
• Қуаттандыру бауының айырын жерге қосудың
сенімді байланысы бар электр розеткасына
салыңыз.
• Өрт шығу қауіпін болдырмау үшін электр плитка-
ны электр розеткасына қосар алдында «жалғасты-
рғыштарды» пайдалануға тыйым салынады.
• Электр плитканы электр розеткасына қол-
жетімділік әрқашан бос болатындай етіп тегіс,
құрғақ, тұрақты, термо төзімді бетке орнатыңыз
және пайдаланыңыз.
• Құрылғыны пештердің, тоңазытқыштардың,
микротолқынды пештердің, ыдыс жуғыштардың,
кір жуғыш машиналардың және металл беті бар
басқа құрылғылардың жанына орнатуға тыйым
салынады, өйткені бұл құрылғының жұмысына
теріс әсер етуі мүмкін.
• Электр плитканың дұрыс жұмыс істеуі үшін жақсы
желдету қажет, желдету тесіктері бөгде заттармен
жабылмауы үшін құрылғының айналасында кемін-
де 10-15 см бос орынды қамтамасыз етіңіз.
• Индукциялық плиталарға арналған ыдыстарды
қолданыңыз.
• Жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін ыдыс
пен конфорканың арасында бөгде заттардың, ма-
таның, қағаздың және т. б. болмауын қадағалаңыз.
• Электр плитка жұмыс істеп тұрған кезде металл
ыдыстар мен электр плитканың индукциялық ка-
тушкаларының өзара әрекеттесуінен және жұмыс
істеп тұрған салқындату желдеткішінен ерекше шу
шығады – бұл қалыпты жағдай.
• Құралды үй-жайдан тыс жерде пайдалануға
тыйым салынады.
• Найзағай кезінде құрылғыны пайдалану ұсыныл-
майды.
• Құрылғыны соққыдан, құлаудан, дірілден және