46 KZ
• Шаңсорғышты қосу үшін қосу/өшіру батырмасын
(2) басыңыз, шаңсорғыш төмен қуат деңгейінде қо-
сылады, шаңсорғышты өшіру үшін (2) батырмасын
тағы бір рет басыңыз.
• Шаңсорғыштың қуатын орнату оның жұмысы
кезінде (13) батырмасын басу арқылы жүргізіледі,
бұл ретте шаңсорғыштың қуаты жұмыс режимдерін/
индикацияны таңдау панелінде (1), таңбасымен
(12) көрсетіледі.
• Цифрлық таңбалармен (11) аккумуляторлық бата-
рея (4) зарядының қалдығы көрсетіледі.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
Назар аударыңыз!
Шаң жинағыш-контейнердің (6), торлы сүзгінің (22)
және HEPA-сүзгісінің (21) тазалығын қадағалаңыз,
шаңсорғыштың тиімділігі осыған байланысты.
• Шаңсорғышты әр қолданғаннан кейін шаң жи-
нағыш-контейнерді (6) тазалап отыру, торлы сүзгіні
(22) және HEPA-сүзгісін (21) мезгілімен тазалап
отыру ұсынылады.
• Шаң жинағыш-контейнерді (6) шешіп алу үшін,
бекіткішті (19) басып ұстап тұрыңыз (сур. 8).
• Шаң мен қоқысты кетіру үшін шаң жинағыш-контей-
нерді (6) қоқыс шелегінің үстіне ұстаңыз, бекіткішті
(18) көтеріңіз (сур. 9) және қақпақты (17) ашыңыз
(сур. 10), шаң мен қоқысты алып тастаңыз, бекіткіш
(18) іске қосылғанға дейін қақпақты (17) жабыңыз.
• Шаң жинағыш-контейнерді (6) орнына орнатыңыз,
бекіткіштің (19) шаң жинағыш-контейнерді (6) мықтап
бекітгеніне көз жеткізіңіз.
Шаң жинағыш-контейнерді тазалау
• Шаң жинағыш-контейнерді (6) шешіп алу үшін, бекіт-
кішті (19) басып ұстап тұрыңыз (сур. 9).
• Шаң жинағыш-контейнерді (6) тазаламас бұрын одан
жоғарыда көрсетілгендей шаң мен қоқысты алып
тастаңыз.
• Ұстағышты (20) шаң жинағыштың-контейнерден (6)
шығарып алыңыз, торлы сүзгіні (22) және НЕРА-сүз-
гісін (21) шешіп алыңыз, торлы сүзгіні (22) НЕРА-сүз-
гісінен (21) шешіп алыңыз.
• Торлы сүзгіні (22) және HEPA-сүзгісін (21) жылы
ағынды судың астында жуып жіберіңіз және оларды
кептіріңіз.
• 16)
• Торлы сүзгіні (22) НЕРА-сүзгісіне (21) орнатыңыз
және оларды ұстағышқа (20) орнатыңыз.
• Ұстағышты (20) шаң жинағыштың-контейнер (6)
құтысына орнатыңыз.
• Жиналған шаң жинағыш-контейнерді (6) бекіткіш
(19) шертілгенге дейін орнына орнатыңыз, шаң
жинағыш-контейнер (6) сенімді бекітілгендігіне көз
жеткізіңіз.
• Шаң жинағыш-контейнердің (6) құтысын жуып, оны
кептіріңіз.
• Барлық шешілмелі бөлшектерді жуу үшін ыдыс жуа-
тын машинаны пайдалануға болмайды.