EasyManua.ls Logo

Dexter Power ABP1815SD - Page 3

Dexter Power ABP1815SD
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
3
KZ
Түпнұсқа нұсқаулар
ЭЛЕКТР ҚҰРАЛЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША
ЖАЛПЫ ЕСКЕРТУЛЕР
ЕСКЕРТУ Осы электр құралымен бірге берілген барлық
қауіпсіздік ескертулерін, нұсқауларды, суреттерді және
техникалық сипаттамаларды оқып шығыңыз. Төменде
көрсетілген барлық нұсқауларды орындамау салдарынан электр
тогының соғуы, өрт және/немесе ауыр жарақат орын алуы
мүмкін.
Барлық ескертулер мен нұсқауларды болашақта қарау үшін
сақтап қойыңыз.
Ескертулердегі "электр құралы" термині электр желісінен жұмыс
істейтін (сымды) немесе батареямен жұмыс істейтін (сымсыз)
электр құралын білдіреді.
1) Жұмыс орнының қауіпсіздігі
a) Жұмыс орны таза әрі жарық болуы қажет. Жұмыс орнының
лас немесе қараңғы болуы оқыс оқиғалардың пайда болуына
себеп болады.
b) Электр құралдарын тұтанғыш сұйықтықтар, газдар немесе
шаң сияқты заттар болатын жарылыс қаупі бар орталарда
пайдаланбаңыз. Электр құралдары шаңды немесе түтінді
тұтандыруы мүмкін ұшқындар шығарады.
c) Электр құралын пайдаланған кезде, балалар мен бөгде
адамдар алшақ тұруы қажет. Басқа нәрсеге алаңдау
салдарынан құралды басқара алмай қалуыңыз мүмкін.