EasyManua.ls Logo

Dexter Power ABP1815SD - Page 4

Dexter Power ABP1815SD
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
4
KZ
2) Электр жүйелерін пайдаланудағы қауіпсіздік техникасы
a) Электр құралының ашалары розеткаға сәйкес келуі
қажет. Ашаны еш уақытта өзгертпеңіз. Ешқандай адаптер
штепсельдерін жерге тұйықталған электр құралдарымен
бірге пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген ашалар мен сәйкес
келетін розеткалар электр тогының соғу қаупін азайтады.
b) Құбырлар, радиаторлар, газ плиталары және
тоңазытқыштар сияқты жерге тұйықталған заттарға
денеңізді тигізбеңіз. Денеңіз жерге тұйықталған заттармен
жанасса, электр тогының соғу қаупі артады.
c) Электр құралдарын жаңбырдан немесе ылғалдан сақтаңыз.
Электр құралына су кірсе, электр тогының соғу қаупі артады.
d) Сымды тек орнымен пайдаланыңыз. Электр құралының
сымын оны тасымалдау, тарту немесе қуат көзінен ажырату
үшін пайдаланбаңыз. Сымды жоғары температурадан,
майдан, өткір шеттерден немесе жылжымалы бөлшектерден
алшақ ұстаңыз. Зақымдалған немесе шатасқан сымдар электр
тогының соғу қаупін арттырады.
e) Электр құралын далада пайдаланған кезде, далада
пайдалануға жарамды ұзартқыш сымды пайдаланыңыз.
Далада пайдалануға арналған сымды пайдаланғанда, электр
тогының соғу қаупі азаяды.
f) Ылғал жерде электр құралын пайдалануға тура келсе,
қорғанысты өшіру құрылғысымен (ҚӨҚ) қорғалған
жабдықты пайдаланыңыз. ҚӨҚ құрылғысын пайдаланғанда,
электр тогының соғу қаупі азаяды.