EasyManua.ls Logo

Dexter Power ABP1815SD - Page 5

Dexter Power ABP1815SD
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
5
KZ
3) Жеке қауіпсіздік
a) Электр құралын пайдаланған кезде абай болыңыз,
іс-әрекетіңізге байыптылықпен қарап, зейін қойыңыз.
Шаршап тұрсаңыз немесе есірткі, ішімдік не дәрі-дәрмек
қабылдаған болсаңыз, электр құралын пайдаланбаңыз.
Электр құралдарын пайдаланған кезде зейін қоймау салдарынан
жеке ауыр жарақат алуыңыз мүмкін.
b) Жеке қорғаныс жабдығын пайдаланыңыз. Қорғаныс
көзілдірігін үнемі тағып жүріңіз. Шаңнан қорғайтын маска,
сырғанамайтын арнайы аяқ-киім, берік каска немесе есту
мүшесін қорғайтын құрал сияқты қорғаныс жабдығын сәйкес
жағдайларда пайдаланғанда жеке жарақат алу қаупі азаяды.
c) Электр құралының абайсызда іске қосылуына жол бермеңіз.
Қуат көзіне және/немесе батареяға қоспас бұрын, құралды
жинамай не тасымалдамай тұрып, ауыстырып-қосқыштың
өшірулі күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр құралдарын
ауыстырып-қосқышынан ұстап тасымалдау немесе
ауыстырып-қосқыш қосулы күйде қуаттандыру салдарынан
оқыс оқиғалар орын алуы мүмкін.
d) Электр құралын іске қоспас бұрын, реттегіш кілттер мен
сомынды бұрайтын кілттерді алып тастаңыз. Электр
құралының айналатын бөлігінде бекітулі күйде қалған
реттегіш кілт немесе сомынды бұрайтын кілт дене
жарақатына әкелуі мүмкін.
e) Қатты күш жұмсамаңыз. Үнемі тұрақты қалыпта тұрыңыз
және тепе-теңдік сақтаңыз. Бұл кездейсоқ жағдайларда электр
құралын дұрыс басқаруға мүмкіндік береді.