EasyManua.ls Logo

Dexter Power ABP1815SD - Page 6

Dexter Power ABP1815SD
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
6
KZ
f) Тиісті түрде киініңіз. Кең киім кимеңіз немесе әшекей
тақпаңыз. Шашыңыз бен киіміңізді жылжымалы
бөлшектерден алшақ ұстаңыз. Кең киім, әшекей немесе ұзын
шаш жылжымалы бөлшектерге ілініп қалуы мүмкін.
g) Құралдармен бірге шаң сору және шаң жинау жүйесі
қамтамасыз етілсе, олардың дұрыс жалғанып,
пайдаланылатынына көз жеткізіңіз. Шаңсорғыштарды
пайдалану шаңға қатысты қауіптерді азайтады.
h) Құралды жиі пайдалану нәтижесінде босаңсып, қауіпсіздік
қағидаларын елеусіз қалдырмаңыз. Салғырттық таныту бір
мезетте ауыр жарақатқа әкеп соқтыруы мүмкін.
4) Электр құралын пайдалану және оған күтім көрсету
a) Электр құралына артық жүктеме түсірмеңіз. Жұмысыңыз
үшін дұрыс электр құралын пайдаланыңыз. Дұрыс электр
құралы өзінің арнайы жылдамдығында жұмысты едәуір тиімді
әрі қауіпсіз түрде орындайды.
b) Ауыстырып-қосқышы қосылмайтын және өшпейтін электр
құралын пайдаланбаңыз. Ауыстырып-қосқыш арқылы
басқарылмайтын кез келген электр құралы қауіпті және оны
жөндеу қажет.
c) Кез келген реттеулер жасамас бұрын, керек-жарақтарды
ауыстырмас бұрын немесе электр құралдарын ұзақ уақытқа
сақтамас бұрын, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/
немесе батареясы бар болса, оны шығарып алыңыз. Мұндай
сақтық шаралары электр құралының кездейсоқ іске қосылу
қаупін азайтады.