7
KZ
d) Пайдаланылмайтын электр құралдарын балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз. Электр құралымен немесе осы
нұсқаулармен таныс емес адамдарға құралды пайдалануға
рұқсат бермеңіз. Электр құралдарын жаттықтырылмаған
пайдаланушылар қолданса, қауіп төнеді.
e) Электр құралдарына және керек-жарақтарға техникалық
қызмет көрсетіңіз. Жылжымалы бөлшектердің қисаюын
немесе кептелуін, бөлшектердің бұзылуын және электр
құралының жұмысына әсер етуі мүмкін басқа барлық
жағдайдың бар-жоғын тексеріңіз. Электр құралы
зақымдалса, оны пайдаланар алдында жөндеңіз. Көптеген
оқыс оқиғалар электр құралдарына тиісті түрде техникалық
қызмет көрсетпеу салдарынан орын алады.
f) Кескіш құралдарды өткір және таза күйде ұстаңыз. Тиісті
түрде техникалық қызмет көрсетілген шеттері өткір кескіш
құралдар бүгіліп қалмайды және оларды басқару оңай болады.
g) Жұмыс жағдайларын және орындау қажет жұмысты
назарға ала отырып, электр құралын, керек-жарақтарды,
құрал ұштықтарын және т. б. осы нұсқауларға сәйкес
пайдаланыңыз. Электр құралын тағайындалған мақсатынан
басқа мақсаттарда пайдалану әсерінен қауіпті жағдай орын
алуы мүмкін.
h) Тұтқалардың және қолмен ұстайтын беттердің құрғақ, таза
болуын қадағалап, май мен шырыштан тазалап тұрыңыз.
Тұтқалар және қолмен ұстайтын беттер тайғақ болса,
күтпеген жағдай орын алғанда, құралды пайдалану және оған
ие болу мүмкін болмайды.