EasyManua.ls Logo

DWT EX03-125 D - Page 36

DWT EX03-125 D
68 pages
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
36
Қазақ тілі
Назар аударыңыз: парақты басқанда
жылтырату қосалқы құралы құммен
өңдеу тақтасында 6 дұрыс орында
қалғанына көз жеткізіңіз.
Шаң сөмкесін пайдалану
Жұмыс кезінде әрқашан шаң сөмкесін 8
пайдаланыңыз.
Жоғарыда аталған сақтық шараларын сақтай
отырып, шаңға арналған қаптың 8 толтырылуын
қадағалау және оның тазартылуын уақтылы
жүргізу керек.
Шаң дорбаны орнату / шығару (5 сур. қараңыз)
Бекіту үшін шаң сөмкесінің 8 жалғау түтігін
шаңды кетіру портына 5 кіргізіңіз (5-сур. қараңыз).
Ажырату үшін шаң сөмкесінің 8 жалғау түтігін
алу портынан 5 тартып шығарыңыз.
Шаңға арналған қапты тазарту (6-сур.
қараңыз)
Электр құралды ажыратыңыз және шаң
сөмкесін 8 жоғарыда сипатталғандай алыңыз.
Тоқыма қапты 14 пластикалық корпустан 13
ағытып жіберіңіз (6 сур.қараңыз).
Жоғарыда ескертілген сақтық шараларын
сақтай отырып, тоқыма қаптың 14 ішіндегісін
қағып алыңыз, жақсы тазарту үшін, қаптың
терісін сыртына шығарыңыз, және оны құрғақ
қылшақтың көмегімен тазартыңыз. Шаңға
арналған тоқыма қапты 14 ылғалды тазарту
кезінде, ол қолданылуға толық кептірілгеннен
кейін ғана жатады.
Шаңға арналған тоқыма қапты 14 пластикалық
корпусқа 13 орнатыңыз.
Қозғалтқыш құралды
алғашқы рет іске қосу
Әрдайым дұрыс электр кернеуін қолданыңыз:
Қозғалтқыш құралдың электр кернеуі құралдың
жеке мәліметтері бар тілімшеде көрсетілген
электр кернеуіне сәйкес болуы керек.
Қозғалтқыш құралды
қосу / өшіру
[EX03-125 D, EX03-150 D]
Қосу:
Қосу / өшіру қосқышын 4 алға жылжытыңыз.
Өшіру:
Қосу / өшіру қосқышын 4 артқа жылжытыңыз.
[EX03-125 DV]
Қысқа уақытқа қосу / өшіру
Қосу үшін қосу / өшіру тұймесін 4 басып ұстаңыз,
өшіру үшін - жіберіңіз.
Ұзақ уақытқа қосу / өшіру
Қосу:
Қосу үшін қосу / өшіру тұймесін 4 басып құрсаулау
тұймесімен қосу / өшіру түймесінде 10 бекітіңіз.
Өшіру:
Қосу / өшіру батырмасын 10 басыңыз содан кейін
жіберіңіз.
Шаңды электр құрылғыны қолдану
кезінде сору
Шаңды жинау ауадағы шаңның
шоғырлану деңгейін қысқартады,
сондай-ақ шаңның жұмыс орында
жиналуын болдырмайды.
Шаңсорғышты қолданыңыз
Ағашты ұзақ өңдеу кезінде, не болмаса зиян
келтіретін шаңды туғызатын материалдармен
жұмыс жасау кезінде, электр құрылғы тиісті
шаңсорғышқа қосылу керек.
Бұл электр құралдар шаңсорғышпен бірге тек
тиісті жалғағышты (жинақта жоқ) пайдаланғанда
ғана бірге жұмыс істей алады.
Қозғалтқыш құралдың
алғашқы рет іске қосу
Тербеліс деңгейін реттегіш
[EX03-125 DV]
Тербеліс деңгейін реттегіш 9 тегістеу
тілімшесінің 6 қалайтын тербеліс деңгейін
орнату үшінт қарастырылған.
Қосу үшін қосу / өшіру тұймесін 4 басып
құрсаулау тұймесімен қосу / өшіру түймесінде 10
бекітіңіз.
Қажет тербелу жылдамдығын орнатыңыз.
Қажетті тербеліс деңгейі өңделетін материал
түріне және жұмыс шарттарына байланысты,
оны ең жақсы нәтижеге қол жеткізу бойынша
практикалық тәжірибге негізделе отырып,
орнату керек.
Төмен тербеліс деңгейі кезінде ұзақ жұмыс жасау
кезінде, электр құрылғысына оқтын-оқтын
салқындау үшін 3 минут уақыт беру қажет.
Бұл мақсатта, максималды тербеліс деңгейін
орнатыңыз және электр құрылғысына нөлдік
жүктемемен жұмыс жасауға мүмкіндік беріңіз.
Қозғалтыш құралды қолданубойынша
ұсыныстар
Тегістеу табағын таңдау
Жұмысты бастаудың алдында, қолданылатын
материал немесе үстіңгі бет 7 үшін келісімді
тегістеу табағының түрін таңдаңыз. Тегістеу
табағының түрі қаптамада көрсетілген.
Қосымша ақпаратты сатушыдан алуға болады.
Әр түрлі жұмыстар түйіршіктілігі әр түрлі құммен
өңдеу парағын 7 пайдалануды қажет етеді. Бұл
қажет тегістігі бар бетті алуға мүмкіндік береді.
Құммен өңдеу парағын таңдаудың ең жақсы әдісі
ең жақсы нәтижелерді тәжірибе жүзінде тексеру.

Related product manuals