21
KZ
5
Техникалық жұмыстарды өткізу бойынша нұсқаулар
• Желдеткішті ауа өткізгіштер мен ауа таратушылардан
ажыратып алып және орнатылған жерінен шығарып алып,
желдеткіш демонтажын өткізіңіз;
• Жұмыс дөңгелегінің қалақтарынан шаңды жұмсақ құрғақ
қылшағын немесе матаны қолдана отырып кетіріп алыңыз;
•Жұмыс дөңгелегінің қалақтарын жуу ерітіндісін қолдана
отырып тазалаңыз;
• Пластмассадан жасалған барлық бөлшектерін сабын
ерітіндісінде суланған жұмсақ шүберекпен сүртіп алыңыз;
• Барлық үстілерді әбден құрғатып сүртіңіз;
• Желдеткішті қайта құрастырып алып, орнына орнатыңыз;
• Тазалау жұмыстарын әр 6 ай бойы өткізу лазым.
Сақтандыру!
Жуу ерітіндісінің электр қозғалтқышына түсіп
қалуына жол беруге болмайды!
Желдеткішті электр жүйесіне қосу
САҚТАНДЫРУ! Желдеткіш пен көмекші тексергіш құрылғысы құрастырып монтаждау және/немесе күту
уақытында электр қуат көзінен ажыратылып қойылуы қажет. Құрылғы жерге тұйықталып қойылуы қажет.
Қақпақты тарату блоктан шығарып алып, электрмонтаждық кестесін (CYCLONE EBM / TORNADO EBM / MARS
GDF (4-ші сурет), TORNADO EC (5-ші сурет)) қарап оқып, керек болатын лайықты қосу жұмыстарын өткізіңіз.
Жерге тұйықталуының бар болуына көз жеткізіңіз. Біріктіріп қосу жұмыстарын аяқтағаннан кейін және
бөліп таратқыш қорабына жасалған біріктірме қосуларды тексеріп алғаннан кейін қақпақты жылжытып,
оның бекітіліп қойылуына көз жеткізіңіз.
Нұсқама: Желдеткішке мықтап орнатылған құбыр желісінің ұзындығы 1000 мм кем болмауы тиіс. Қысқа
құбыр желісі қатты қақпақпен/ EN ISO13857:2008 стандартының талаптарына сәйкес келетін тормен
жабдықталуы тиіс.
MARS / TORNADO желдеткішін IP44-пен қосқан кезде сатылы тығыздамадағы бірінші кесік арқылы кемінде
5,5 мм диаметрлі желілік кабель өткізу қажет болады. Диаметрі кіші кабельді тығыздаманы ұшы тегіс
бұрағышпен тескен кезде пайдалануға болады (тығыздамада кабельдің диаметрі бойынша белгі бар).
Ақаулық Ықтимал себебі
Жою тәсілі
Желіге қосылған кезде желдеткіш
айналмайды, басқару органдарына
әсер етпейді.
Қоректендіргіш желі қосылмаған.
Маманға жүгіну қажет.
Ішкі қосылудағы ақаулық.
Төмен ауа шығыны.
Желдету жүйесі ластанған. Желдету жүйесін тазалаңыз.
Жоғары шу немесе діріл.
Қанатша ластанған.
Қанатшаны тазалаңыз
Желдеткіш бекітілмеген немесе дұрыс
орнатылмаған.
Монтаждау қатесін жой-
ыңыз.
Желдету жүйесі ластанған. Желдету жүйесін тазалаңыз.
Мүмкін болатын ақаулар және оларды жою тәсілдері
САҚТАНДЫРУ!
Желдеткіш пен көмекші тексергіш құрылғысы құрастырып монтаждау және/немесе күту уақытында электр
қуат көзінен ажыратылып қойылуы қажет. Құрылғы жерге тұйықталып қойылуы қажет.
Сақтандыру! Желдеткіштер өндірушінің қалауы бойынша гермовводпен немесе сальникпен жаб-
дықталуы мүмкін. «ЭРА» ЖШҚ сатып алушыны алдын ала хабардар етпей, оның қасиеттерін жақсарту мақса-
тында бұйымның конструкциясына, жиынтықтамасына немесе дайындау технологиясына өзгерістер енгізу
құқығын өзіне қалдырады.
MARS / TORNADO желдеткішін IP44-ке қосқан кезде, диаметрі кемінде 4 мм болатын желілік кабельді сым
арқылы жүргізу қажет.
Гермоввод қалқанды электр жабдығының корпустарында кабельдерді сымдардан герметикалық енгі-
зу-шығаруға арналған.
Қысқыш гайканың дизайнында өзін-өзі бұрауға жол бермейтін арнайы құлыптау засечкасы бар. Қорғаныс
мембранасы шаңның корпустың ішіне енуіне жол бермейді және IP44 және одан жоғары қорғаныс деңгейіне
жетуге мүмкіндік береді.